Профессор М. М. Уразалин атындағы микробиология кафедрасының оқытушылары Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне орай ” Сіздің денсаулығыңыз-сіздің құқықтарыңыз-сіздің жауапкершілігіңіз!». Олимпиадаға стоматология, педиатрия және жалпы медицина факультеттерінің 2 курс студенттері қатысты. Олимпиада 2 кезеңде өтті: 1 кезең – тест; 2 кезең-ситуациялық есеп. Соңында қорытындылар жасалды. Бірінші орынды – Мұратбекова Анель 210(стом), екінші орынды – Советканова Әмина 2231(педиатрия), үшінші орынды – Амангелді Әдемі 210(стом) иеленді.
Олимпиаданың барлық қатысушыларына сертификаттар табысталды.