Университеттің “Қоғамдық денсаулық” кафедрасының базасында фармация мамандығының 1 және 3 курс студенттеріне арналған “Фармацевтикалық қызметті ұйымдастыру” өндірістік практикасы аяқталды.
Тәжірибе базасы ретінде “АльфаМед” дәріханалар желісі таңдалды, сонымен қатар 21 дәріхана дәрі-дәрмек өндірумен айналысатын санаулы дәріханалардың бірі. Барлық студенттер қажетті практикалық дағдыларды игердіп өндірістік практиканы аяқтады. Фармация мамандығының 1 курс студенті Ляшов Кирилл 21 дәріхананың директоры Л.И. Горинаның жұмыстың жоғары сапасы мен қойылған барлық міндеттерді жоғары деңгейде орындағаны үшін алғыс хатпен марапатталды. Оның еңбекқорлығы, бастамашылығы мен жауапкершілігі дәріхана қызметкерлері мен басшыларының назарынан тыс қалмады.
Қоғамдық денсаулық кафедрасы дәстүрлі түрде студенттердің кәсіби өсуіне қолайлы жағдай жасайды, оларға өндірістік жағдайларда теориялық білімдерін бекітуге көмектеседі. Тәжірибе қоғамдық денсаулық кафедрасының аға оқытушысы Серікова-Есенгелдина Д. С. жетекшілігімен өтті.
Ляшов Кириллдің жетістіктері үшін өте қуаныштымыз және болашақ кәсіби қызметте одан әрі жоғары марапаттар тілейміз!