Гендерлік теңдік – үйлесімді қоғамның негізі

Гендерлік теңдік – үйлесімді қоғамның негізі

2025 жылдың 20 қаңтарында 5411 ЖМ тобының студенттері ЖТД кафедрасының меңгерушісі Дюсупова А.А. және куратор, м.ғ.к. Адильгожина С.М. жетекшілігімен қазіргі қоғамдағы өзекті тақырып – гендерлік теңдік мәселесін талқылауға арналған дөңгелек үстел өткізді. Іс-шараның басты мақсаты – студенттердің гендерлік теңдіктің маңыздылығы туралы хабардарлығын арттыру, әр адамның жынысына қарамастан оның құқықтары мен мүмкіндіктеріне деген құрметті дамыту, сондай-ақ теңдік мәдениетін қалыптастыру болды.

Дөңгелек үстел барысында қатысушылар гендерлік теңдікке байланысты негізгі аспектілерді қарастырды, атап айтқанда:

  • Ерлер мен әйелдердің құқықтық теңдігі қағидатының қалыптасуындағы тарихи кезеңдер.
  • Гендерлік кемсітушілікке қатысты қазіргі заманғы мәселелер мен стереотиптер.
  • Білім мен тәрбиенің тең мүмкіндіктер қағидасын ілгерілетудегі рөлі.

Әр адамның әділеттілік пен тең мүмкіндіктерге негізделген қоғам құруға қосатын жеке үлесі.

Куратор Салтанат Муратбекқызы гендерлік теңдікті дамыту тұрақты қоғам құрудың маңызды бөлігі екенін атап өтіп, жастардың қоғамдағы алдын ала қалыптасқан көзқарастар мен стереотиптерді жоюда шешуші рөл атқаратынын ерекше белгіледі. Талқылау ашық пікір алмасу форматында өтті, бұл әр студентке өз ойын білдіруге және қызықтыратын сұрақтар қоюға мүмкіндік берді. Іс-шара барысында мультимедиалық материалдар, соның ішінде гендерлік теңдікке қатысты әртүрлі елдердің жетістіктерін көрсететін презентациялар мен бейнероликтер қолданылды. Жылы әрі еркін атмосфера қатысушылардың белсенді пікірталасына, идеялармен алмасуына және бірлескен қорытындылар шығаруға ықпал етті.

Дөңгелек үстел гендерлік теңдіктің маңыздылығын, оның жеке тұлғаның және қоғамның дамуына тигізетін әсерін терең түсінуге арналған алаңға айналды. Қатысушылар үйлесімді және әділетті болашақ әр адамның құқықтары мен бостандықтарын құрметтеу арқылы ғана мүмкін болатынын атап өтті.

Жарияланды:
Рубрикалар: Дөңгелек үстелдер