Молекулалық биология және медициналық генетика кафедрасында ашық сабақтар

Молекулалық биология және медициналық генетика кафедрасында ашық сабақтар

ҚР ҰҒА академигі Т. Қ. Раисов атындағы молекулалық биология және медициналық генетика кафедрасында 2025 жылдың 12-14.02 аралығында «Қан топтары мен резус-фактордың тұқым қуалауы» тақырыбында TBL (team-Based Learning) әдістемесін пайдалана отырып 2103,2105,2106,2124,2231 БББ  Медицина топтарында ашық сабақ өткізілді.

Сабақ барысында студенттер AB0 және резус-фактор (Rh) жүйесі бойынша қан тобының тұқым қуалау принциптерін зерттей отырып, топпен жұмыс жасады. Студенттер бұл белгілердің ата-анадан балаға берілуінің генетикалық механизмдерін талдады, клиникалық жағдайды шешті және мүмкін болатын резус-фактордың  сәйкес келмеуімен байланысты медициналық аспектілерді талқылады.

TBL әдістемесін қолдану студенттердің белсенді қатысуына, олардың аналитикалық және коммуникативті дағдыларын дамытуға, сондай-ақ ұжымдық талқылау және жағдайларды шешу арқылы материалды жақсы игеруге ықпал етеді.

 

ҚР ҰҒА Академигі Т.Қ.Раисов атындағы молекулалық биология

және медициналық генетика кафедрасының оқытушысылары  Ибраева Г.Р., Елькенова.Б.З.,  Есентаева А.М., Орынбасарова Б.А., Рахимгалиева П.С.

Жарияланды:
Рубрикалар: Оқу процесі