«Қауіпті тәуелділіктер мен жеке шекаралар: қалай анықтап, алдын алуға болады».

«Қауіпті тәуелділіктер мен жеке шекаралар: қалай анықтап, алдын алуға болады».

2025 жылғы 17 ақпанда «Урология» пәні ассистенттері Ақкалиев М.Н. мен Бухариева С.С. «Лудомания, наркологиялық опийге тәуелділік, харассмент» тақырыбында кураторлық сағат өткізді. Бұл іс-шара студенттер арасында әлеуметтік және психологиялық мәселелерге байланысты ақпараттандыруды арттыруға бағытталған.Лудомания — бұл құмар ойындарға тәуелділік, ол жеке, отбасылық және қаржылық қатынастардың бұзылуына әкеледі. Лудоманияның белгілерін уақытында анықтап, емдеу үшін қандай шаралар қолдануға болатындығын түсіну маңызды.Наркологиялық опийге тәуелділік — бұл героин және басқа да заттарға тәуелділік, ол күшті физикалық және психологиялық тәуелділік тудырады. Бұл тәуелділіктің денсаулыққа, әлеуметтік өмірге әсері және реабилитация әдістері қарастырылады.Харассмент — бұл адамның жұмыс орнында немесе оқу орындарында жыныстық зорлық-зомбылыққа немесе кемсітушілікке ұшырауы. Харассментті болдырмау әдістері, зардап шеккендерге көмек көрсету және қауіпсіз орта құрудың маңызы талқыланады.Кураторлық сағаттың мақсаты — студенттерді осы мәселелердің белгілерін анықтауға үйрету және оларды алдын алу немесе қажет болған жағдайда көмекке жүгіну жолдарын көрсету.

Жарияланды:
Рубрикалар: Категориясыз