Хирургиялық пәндер кафедрасында күн сайын 3-курс студенттері үшін «Жалпы хирургия» пәні бойынша сабақтар өткізіледі. Оқу процесіне хирургияның ең өзекті тақырыптары енгізілген. Сабақ теориялық және практикалық бөлімдерден тұрады. Кафедра меңгерушісі Кудербаев М.Т. студенттермен тақырыпты талқылағаннан кейін Семей қаласындағы БСМП операциялық блогына барып, операциялардың барысын көрсетеді. Операцияларға қатысқан кезде студенттер хирургтардың күнделікті жұмысының қалай жүргізілетінін көріп, науқастардың жазылуына көмектесетінін нақты көреді.