«Резиденттерге арналған қысқы мектеп»

«Резиденттерге арналған қысқы мектеп»

2025 жылдың 4-12 ақпан аралығында аралас форматта (офлайн және Zoom платформасы арқылы) «Қысқы мектеп» «Урология және андрология ересектер мен балалар», «Кардиология ересектер мен балалар» мамандықтары бойынша резиденттерге өткізілді. Іс-шараны ұйымдастырушылар хирургиялық пәндер кафедрасы мен терапия кафедрасы болды.Іс-шараның мақсаты – эректильді дисфункциясы бар, жүрек-қан тамырлары ауруларымен ауыратын ер адамдарды бірлесе емдеу арқылы олардың өмір сүру сапасын жақсарту. «СМУ» КеАҚ филиалдарының барлық резиденттерін тарту мақсатында бұл мектеп онлайн және офлайн форматта өткізілді.Іс-шара барысында эректильді дисфункциясы бар ер адамдарды жүрек-қан тамырлары патологиясы фонында емдеудің патогенезі, диагностикасы және реабилитациясы туралы дәрістер оқылды, сондай-ақ дәрі-дәрмексіз және алмастырушы терапия аспектілері талқыланды.Іс-шараның соңында хирургиялық пәндер кафедрасының меңгерушісі М.Т. Кудербаев пен терапия кафедрасының меңгерушісі Д.А. Мансурова іс-шараны ұйымдастыруға атсалысқан қызметкерлер мен резиденттерге алғыс білдірді. Бұл мектеп екі пән арасындағы тығыз ынтымақтастықтың бастамасы болып, жүрек-қан тамырлары аурулары бар эректильді дисфункциясы бар пациенттерді емдеу бойынша бірлескен жұмыстың одан әрі дамуына негіз болды.

Жарияланды:
Рубрикалар: Оқу процесі