«Бүйрек аурулары және жүктілік» тақырыбындағы ашық сабақ

«Бүйрек аурулары және жүктілік» тақырыбындағы ашық сабақ

2025 жылғы 3 наурызда “ішкі аурулар және ревматология” кафедрасында “Jnterprofessional traind” әдістемесі бойынша гибридті нұсқада ашық сабақ өткізілді.

4 курс студенттерін (4120, 4123 гр), Семей, Павлодар, Өскемен қалаларынан келген резиденттерді: нефрологтарды, терапевттерді, фармакологтарды, сондай – ақ онкодиспансерде, “Dr.Watson” клиникасында жұмыс жасайтын, қазіргі уақытта біліктілікті арттыру циклынан өтіп жатқан терапевт-дәрігерлер қатысуымен  “өзекті бүйрек ауруы және жүктілік” тақырыбына арналды.

Доцент А. Ш. Қасқабаеваның жетекшілігімен резидент-терапевттер 3 баяндама дайындады:

  1. Жүкті әйелдердегі бүйрек және зәр шығару жолдарының анатомиялық – физиологиялық ерекшеліктері.

2.Жүкті әйелдердегі бүйрек пен зәр шығару жолдарын тексеру әдістерінің ерекшеліктері.

  1. Прегравидарлы дайындық.

Доцент Р.И.Алибекованың жетекшілігімен 4123 топ студенттері Ақбота Мақсат және Калелова Малика екі баяндама дайындады:

  1. Зәр шығару жолдарының инфекциясы және жүктілік: асимптоматикалық бактериурия, цистит, инфекциялық генезді созылмалы тубулоинтерстициальды нефрит, уролитиаз.
  2. Гестациялық пиелонефрит

Нефролог резидент Жадыра Айтмұқашева гестациялық пиелонефриттің қайталанатын ағымы бар алғашқы жүкті әйелдің қызықты клиникалық жағдайын ұсынды. Сабақтың тақырыбы барлық студенттердің, резиденттердің және дәрігерлердің қызығушылығын тудырды. Жастардың прегравидалдық даярлау мәселелерін белсенді талқылады.

Сабақ соңында жүкті әйелді одан әрі жүргізу бойынша практикалық ұсыныстар берілді.

Жарияланды:
Рубрикалар: Оқу процесі