2025 жылғы 27 ақпан күні Хирургиялық пәндер кафедрасының «Урология» пәні бойынша «СМУ КеАҚ интерндеріне арналған ашық есік күні» өткізілді. Іс-шара болашақ мамандарға кафедраның жұмысымен, резидентурада оқыту бағдарламасымен танысуға, сондай-ақ «Ересектер мен балаларға арналған урология және андрология» мамандығы бойынша оқып жүрген резиденттермен сұхбаттасуға тамаша мүмкіндік болды. Танысу кездесуі аяқталған соң кафедраның ғылыми жетістіктері мен жұмысын таныстыратын презентация көрсетілді, урология саласындағы карьера мен мамандану мәселелері талқыланды. Сондай-ақ, Семей қаласындағы БСМП урологиялық бөлімшесіне экскурсия ұйымдастырылды. Қатысушылар өз сұрақтарын қойып, тәжірибелі мамандармен пікір алмасып, урология саласында мансап құруға қажетті пайдалы ақпарат алды.