КеАҚ “СМУ” 2024 жылғы 27 қаңтардағы профессорлық-оқытушылар құрамын ағылшын тілін білу деңгейіне аттестаттау туралы № 34 бұйрыққа сәйкес барлық оқытушылар, соның ішінде «Балалар аурулары пропедевтикасы» кафедрасының оқытушылары аттестациядан сәтті өтіп, B2 (Upper-Intermediate) және B1 (Intermediate) деңгейлерінің сертификаттарын алды.
КеАҚ “СМУ” 2024-2029 жылдарға арналған даму бағдарламасына сәйкес, мақсаттардың бірі – медициналық білім беру саласындағы халықаралық сапа стандарттарына сәйкес көрсетілетін қызметтерді жақсарту. Біздің университет үшін білім берудегі стратегиялық басымдықтардың бірі студенттерге шетелдік бөлімде сапалы білім беру үшін ағылшын тілін меңгерген профессорлық-оқытушылық құрамның санын арттыру болып табылады.
Сондай-ақ, тұрақты даму мақсаттары №4 мақсатты қамтиды – инклюзивті және тең сапалы білім беруді қамтамасыз ету және барлығы үшін өмір бойы білім алу мүмкіндіктерін ілгерілету. Бұл біздің университетіміздің даму бағдарламасының мақсаттарымен толығымен ұштасады.