№2 Студенттер үйіндегі сенбілік іс-шара

№2 Студенттер үйіндегі сенбілік іс-шара

2025 жылдың 15 наурызында «Семей медицина университеті» КЕАҚ студенттер үйлерінде өткізілетін сенбілік іс-шаралар жоспарына сәйкес Симуляциялық және білім беру технологиялары кафедрасының оқытушылары кураторлық 3619-топпен, Дәулетқызы Амина және 2105-топ студенті Назарбекова Динарамен бірге №2 жатақханада (Сеченов көшесі, 5а) «Коммуникативтік дағдылар: олар неге маңызды және оларды қалай дамытуға болады?» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Бұл іс-шараға осы жатақханада тұратын студенттер шақырылды.

Кездесу барысында студенттер тиімді қарым-қатынастың негізгі аспектілері мен оның кәсіби және күнделікті өмірдегі рөлі туралы пікір алмасты, сондай-ақ нақты жағдайларды талдап, өзара әрекеттесу дағдыларын жетілдірудің практикалық әдістерін меңгерді. Мұндай іс-шаралар студенттердің білім беру және кәсіби ортада жетістіктерге жетуіне қажетті құзыреттерін қалыптастыруға ықпал етеді.

Жарияланды:
Рубрикалар: Категориясыз