ОЛИМПИАДА «ГИСТОЛОГИЯ НЕГІЗДЕРІ»

Семей медицина университетінде 9 сәуір күні “Стоматология” және «Фармация» мамандығының 1-курс студенттері арасында гистология пәнінен олимпиада өткізілді. Олимпиаданың мақсаты: жалпы гистология және адам эмбриологиясы саласында терең білімі бар дарынды  студенттерді анықтау, танымдық және шығармашылық белсенділігін ынталандыру. Олимпиада бағдарламасы 2 кезеңнен тұрды: тестілеу және практикалық дағдылар. Гистология пәнінен олимпиада жеңімпаздары: 1-орын – Абишева Нагима (1305 тобы…

Алғашқы медициналық-санитарлық көмек контекстіндегі отбасын жоспарлау мектебі

Отбасын жоспарлау мәселесі әрбір адамды толғандырады, өйткені ол болашақ ұрпақтың денсаулығына тікелей байланысты. Бұл жалпы елдегі ең маңызды денсаулық мәселелерінің бірі. Бұл мәселені шешу дені сау және қалаулы балалардың туылуына жағдай жасауға, халықтың репродуктивті денсаулығын сақтауға, бала мен ана ауруының алдын алуға, өлім-жітім деңгейін төмендетуге бағытталған. Отбасын жоспарлаудың мемлекеттік бағдарламасының негізгі міндеттері тым ерте, жиі…

“Ашық есік күні”

2025 жылдың 4 сәуірінде «Семей медицина университеті» КеАҚ Семей қаласының және Абай, Павлодар , Шығыс Қазақстан облыстарының мектеп түлектеріне айқара қонақжайлықпен есігін ашты. Келген қонақтардың жалпы саны 505 адамды құрады. Университет студенттері арасынан шыққан еріктілер қонақтарды табалдырықтан аттағалы қарсы алып, адасып кетпеуіне жол бермей, акт залына дейін шығарып салып, ақпараттық брошюралар таратып, жақсы көңіл-күй сыйлады.…

ШЕКТЕУДІ МҮМКІНДІККЕ АЙНАЛДЫРУ

«Семей медицина университеті» КеАҚ жалпы білім беру пәндер кафедрасы және профессор Н.А. Хлопов атындағы анатомия, гистология және топографиялық анатомия кафедрасының ұйымдастыруымен 2025 жылдың 25 ақпан мен 31 наурыз аралығында қазақ, орыс және ағылшын тілідерінде инклюзивті білім беру аясында барлық мамандықтардың 1 және 5 курс студенттері арасында “Шектеуді мүмкіндікке айналдыру!» атты тақырыптағы республикалық студенттік сурет байқауы…

Студенттік отырысы

Д.Р.Мусинов атындағы Клиникалық онкология және ядролық медицина кафедрасының ассистенті Косымбаева Е.О. орыс тілі негіздерін оқыту бойынша шетел бөлімінің студенттеріне арналған Speaking Club отырысын өткізді 05.10.2024ж. 1236 топ студенттері Әлімғазиева А., Бақыт Шейхислам, Ордабек Ж., Әлібеков А. отырысқа қатысты. Әңгімелесу клубына қатысу арқылы қарым-қатынас дағдыларын дамыту және сөздік қорды кеңейту – тіл құзыреттілігін арттырудың тамаша тәсілі…