2025 жылғы 05 сәуірде «Семей медицина университеті» КеАҚ Студенттер үйіндегі сенбілік іс-шаралар жоспарына сәйкес ҚР ҰҒА Академигі Т. Қ. Раисов атындағы Молекулалық биология және медициналық генетика кафедрасының оқытушылары «Вейп және оның адам денсаулығына әсері» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Іс-шара Торайғыров көшесі, 128 мекенжайында орналасқан №4 жатақханада өтті, оған осы жатақханада тұратын студенттер шақырылды.
Вейптің және басқа да электронды темекілердің зияны, жастардың өз денсаулығына құндылық қатынасын қалыптастыру мәселелері қаралды. Кафедра оқытушылары студенттерге электронды темекі, олардың түрлері, электронды темекінің әсер ету механизмі, ағзаға зияны мен салдары туралы айтып берді. Студенттерге лекция өте ұнады, олар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, жауаптарын алды.
ҚР ҰҒА Академигі Т.Қ.Раисов атындағы молекулалық биология
және медициналық генетика кафедрасының оқытушысылары Ибраева Г.Р., Елькенова.Б.З., Есентаева А.М., Орынбасарова Б.А., Рахимгалиева П.С