Академиялық комитет (АК) Семей медицина университетінің оқу-әдістемелік қызметін басқарудың жоғары органы болып табылады. АК қызметіне басшылықты бір мезгілде осы кеңестің төрағасы болып табылатын академиялық жұмыс жөніндегі проректор жүзеге асырады.

АК құрамына кафедра меңгерушілері, білім беру бағдарламалары комитеттерінің төрағалары, мектеп декандары, құрылымдық бөлімшелердің басшылары кіреді.

Білім беру бағдарламалары комитеті (бұдан әрі – БББК) тиісті мамандық не даярлау бағыты бойынша білім беру бағдарламалары шеңберінде түлектерді даярлауда құзыреттілік тәсілді қамтамасыз ету арқылы оқу-әдістемелік жұмысты үйлестіруді жүзеге асыратын Семей медицина университетінің алқалы органы болып табылады. АК БББК жұмысын бақылауды жүзеге асырады.

БББК құрамына тиісті мамандық /даярлау бағыты/ бойынша білім беру процесін қамтамасыз ететін кафедра меңгерушілері, профессорлар, доценттер, кафедралардың жетекші оқытушылары, мамандық /даярлау бағыты/ бойынша эдвайзерлер, практикалық денсаулық сақтаудың жетекші мамандары, жұмыс берушілер, білім алушылар контингентінің өкілдері кіреді.