Семейде науқастарға инсульттің алдын алудың және ерте анықтаудың негіздері түсіндірілді

Семей қаласының 1-ші қалалық ауруханасының неврология бөлімінде 28.10.2022 резиденттер және невролог-дәрігерлер, халықаралық инсультпен күрес күніне орай мастер-класс өткізді. Шараға барлық науқастар шақырылды. Госпиталға дейінгі деңгейде инсультті ерте анықтау және алғашқы көмек көрсету әдістері түсіндірілді. Сонымен қатар инсульттің негізгі қауіп факторлары және оларды алдын алу туралы әңгіме жүргізілді. Пікірталасқа науқастар белсене атсалысты және көкейкесті сұрақтарын қойды.…

Менің туған өлкем

“СМУ” КеАҚ ЖМ мамандығы 1214 топ студенттері ҚР күніне орай тәрбиелік іс-шара бейнетүсірілім жүргізді. Іс-шараның мақсаты, біздің университетімізде Қазақстанның әр түкпірінен білімалушылар білім алуда, соған сәйкес білімалушының өз туған жеріне, өлкесіне деген сүйіспеншілігін білдіру.

Қорғаныс министрі Алматы қаласында жоғары оқу орындарының ректорларымен кездесу өткізді

2022 жылдың 25 қазанында қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов Алматы қаласында жоғары оқу орындарының ректорларымен кездесті. Іс-шараға ҚР ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, ҚР бас әскери прокуроры Дастан Секенов қатысты. Кездесу еліміздің қорғаныс министрлігі мен университеттерінің белгіленген мерзімде қызмет еткен әскери қызметшілерге тегін жоғары білім алу мүмкіндігін беру жөніндегі бірлескен жобасы аясында өтті. Кездесу…

Облыс мектептерінде «Семей медицина университеті» КеАҚ-ның тұсаукесері

2022 жылдың 28 қазанында ішкі аурулар және ревматология кафедрасының ассистенті Д. К. Кожахметова Абай облысы Бесқарағай ауданы білім бөлімінің Глуховка ауылының орта мектебіне кәсіптік бағдар беру мақсатында барды. Қожахметова Д. Қ. кафедраның кәсіптік бағдар беру жұмысына жауапты ретінде 10-11 сынып оқушыларымен мамандық таңдау туралы әңгіме жүргізді. Оқушыларға «Семей медицина университеті» КеАҚ имидждік бейнеролик көрсетілді. Әңгімелесу…

Семей қаласының №2 мектеп оқушыларына кәсіптік бағдар беру

Кәсіби бағдарлау жұмыстары аясында 2022 жылдың 27 қазанында «Семей медицина университеті» КЕАҚ ішкі аурулар және ревматология кафедрасының қызметкерлері Семей қаласының Қ. Сәтбаев атындағы №2 орта мектебіне барды. Болашақ ізденушілер кафедраның кәсіптік бағдар беру жұмысына жауапты Д. К. Қожахметова және нефрология білім беру бағдарламасының резиденттерімен кездесті. Оқушыларға «Семей медицина университеті» КеАҚ имидждік бейнеролик көрсетілді, университетте жүзеге…