Қорғаныс Министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабы бастығының «Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындары жанындағы әскери кафедра студенттерінің оқу-жаттығу жиындарын (кәсіптік практиканы) 2023 жылы өткізу туралы» бұйрығына сәйкес, «Семей медицина университеті» КеАҚ әскери кафедрасында 24 наурыз 2023 жылы әскери кафедрада білім алушы 2,3,4 курс студенттерінің оқу-жаттығу жиындары (кәсіптік практикасы) басталды.
Салтанатты жиын сағат 08.00-де мемлекеттік әнұранмен басталып, әскери кафедра бастығы м/қ полковнигі Ш.Орынбасаровтың және офицерлік жеке құрамның курсанттарға деген ізгі ниеттерімен жалғасты.
Оқу-жаттығу жиыны «медицина қызметінің лейтенанты» запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша білім алушы студенттерге екі кезеңде:
бірінші кезең 24.07.-05.08. 2023 ж. аралығында – әскери кафедра базасы негізінде;
екінші кезең 07.08. – 26.08.2023 ж. аралығында:
– ер балаларға «Шығыс» ӨҚӘ 30217 әскери бөлімінде, олардың оқу-материалдық базасын пайдалану арқылы;
- қыз балаларға Семей қаласының Әскери госпиталінде жүзеге асырылады.
«кіші сержант» запастағы сержант бағдарламасы бойынша білім алушы студенттерге бір кезеңде:
24.07.-07.08. 23 ж. аралығында – «СМУ» КеАҚ оқу-материалдық-техникалық базасын пайдалану арқылы Әскери кафедрада жүзеге асырылады.
Оқу-жаттығу жиынының мақсаты:
– Оқу-жаттығу жиыны әскери дайындықтың теориялық курсын оқып үйрену кезінде игерілген студенттердің командалық, әдістемелік шеберліктерін жетілдіру және практикалық дайындық мақсатында жүзеге асырылады. Курсанттар жиын барысында саптық дайндықтарын , әскери қызметтегі тәуліктік кезекшілікті алып-жүру тәжірибесін жетілдіреді, әскери техника мен әскери-есептік мамандықтарына сәйкес әскери бөлім міндеттерімен танысады.
Әскери дайындықтың толық курсын аяқтап, оқу-жаттығу жиындарынан (кәсіптік практикадан) өтіп, әскери дайындықтан қорытынды мемлекеттік бітіру емтиханын тапсырған студенттерге университетті бітіргені туралы диплом алғаннан кейін, белгіленген тәртіппен запастағы «медицина қызметінің лейтенанты» және запастағы «кіші сержант» бірінші әскери атақтары беріледі.
Тәрбие жұмысына жауапты
запастағы медицина қызметінің подполковнигі Н.Смаилов
Оқу-жаттығу жиындарының бастығы
запастағы полковник Р.Мамыканов[vc_row dt_title=”” mode=”grid” responsiveness=”browser_width_based” bwb_columns=”desktop:3|h_tablet:2|v_tablet:2|phone:1″ pwb_column_min_width=”” pwb_columns=”” gap_between_posts=”5px” loading_effect=”fade_in” image_sizing=”resize” resized_image_dimensions=”3×2″ image_border_radius=”0px” image_decoration=”none” shadow_h_length=”0px” shadow_v_length=”4px” shadow_blur_radius=”12px” shadow_spread=”3px” shadow_color=”rgba(0,0,0,0.25)” image_scale_animation_on_hover=”slow_scale” image_hover_bg_color=”default” custom_rollover_bg_color=”rgba(0,0,0,0.5)” custom_rollover_bg_gradient=”45deg|rgba(12,239,154,0.8) 0%|rgba(0,108,220,0.8) 50%|rgba(184,38,220,0.8) 100%” hover_animation=”fade” show_zoom=”y” gallery_image_zoom_icon=”icomoon-the7-font-the7-zoom-06″ project_icon_size=”32px” project_icon_color=”#ffffff” project_icon_bg_size=”44px” project_icon_bg=”n” project_icon_bg_color=”rgba(255,255,255,0.3)” project_icon_border_radius=”100px” project_icon_border_width=”0px” project_icon_border_color=”” loading_mode=”disabled” jsp_posts_per_page=”” jsp_show_all_pages=”n” jsp_gap_before_pagination=”” jsm_posts_per_page=”” jsm_gap_before_pagination=”” jsl_posts_per_page=”” navigation_font_color=”” navigation_accent_color=”” include=”” dt_project_icon_title=”” css_dt_gallery=””][vc_column]
[/vc_column][/vc_row]