ІЗГІЛІК ПЕН МЕЙІРІМ МЕРЕКЕСІ
2023 жылдың қараша айының 14-і күні Абай театрында «Семей медицина университеті» КеАҚ Шетел мектебінің білім алушылары Дивали мерекесіне арналған кеш өткізді. Дивали – қазан айының аяғы мен қараша айының басында тойланатын Үндістанның ұлттық мейрамы. Ізгіліктің зұлымдықты, мейірімділіктің қатігездікті, жарықтың түнекті жеңген күні деп сипатталады. Мерекелік кеште сөз сөйлеген «СМУ» КеАҚ Басқарма Төрағасы-Ректор Алтай Ахметқалиұлы Дюсупов…