2024 жылдың 8 қаңтар мен 12 қаңтар аралығында қоғамдық денсаулық кафедрасында 3 және 4 курс қоғамдық денсаулық студенттер арасында «One Health» концепциясы атты қысқы мектеп ұйымдастырылды. Бірінші күні Оразаева Баян Болаткалиевна «Бірыңғай денсаулық» және «Пластик қалдықтарының адам ағзасына зияны» атты дәрістерімен таныстырды. Екінші күні «Тағамдардың қауіпсіздігі» атты дәріспен кафедра доценті, м.ғ.к Токешева Шолпан Манарбековна оқыды. Үшінші күні кафедра оқытушысы, м.ғ.м. Искакова Назым Серикановна «Микробқа қарсы тұрақтылық: денсаулық сақтаудағы «Бір денсаулық» перспективасы» атты дәріс пен қызықты ойындарын ұсынды. Сонымен қатар, «One Health» позициясы бойынша пандемия мен Бруцеллез тақырыптарында ақпараттармен бөлісіп, студенттер арасында пікір алмасты. Соңғы күні студенттерден кері байланыс жүргізіліп келесі жоспарда қандай тақырыптар қызықтыратыны айтылды.