Резиденттерді дайындауды жетілдіру мақсатында Ішкі аурулар және ревматология кафедрасында 7R01151 «Ересектер және балалар нефрологиясы» мамандығы бойынша онлайн режимде нефрологтардың қысқы мектебі өткізілді. 12-17.02.24 кафедра меңгерушісі Қасқабаев А.Ш., ассистент Ботабаева А.С., м.ғ.к., КеАҚ АМУ балалар анестезиологиясы, реанимация және жедел жәрдем кафедрасының доценті Кокошко А.И. «Бүйрек алмастыру емінің негіздері» тақырыбында семинар өткізді.
Бүйрек жұмысын алмастыру емі (БЖАЕ) нефрологияның маңызды және қаржылық жағынан қымбат бағыттарының бірі болып саналады. Өзекті мәселе бойынша резиденттерге БЖАЕ түрлері, көрсеткіштері мен қарсы көрсетілімдері, диализдік емнің техникалық аспектілері, биоимпедансометрияның жалпы түсінігі, созылмалы бүйрек ауруы кезіндегі емдәмнің қағидалары, БЖАЕ негізгі асқынулары бойынша тақырыптар талқыланды. Қысқы мектеп кезінде 1 курс резиденттері нефрологияның осы бөлімімен алғаш рет танысты, ал 2 курс резиденттері қосымша білім алды.[/vc_column_text]
[/vc_column][/vc_row]