Республикалық «Тілдарын» олимпиадасы

Республикалық «Тілдарын» олимпиадасы

2024 жылғы 13 сәуір күні Семей медицина университетінің жалпы білім беру пәндері кафедрасының ұйымдастыруымен республикалық «Тілдарын» олимпиадасы өтті. Олимпиадаға қазақ, орыс және ағылшын тілдерін меңгерген тілдік емес білім беру бағдарламаларын оқытатын жоғары оқу орындарының 1 курс студенттері қатысты.

Олимпиада аралас форматта өтті: офлайн форматына 33 студент, онлайн форматына 27 студент қатысты. С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті, М. Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті, Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы, С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті, Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті, Семей медицина университетінің білім алушылары олимпиадада бақ сынасты.

Олимпиада екі кезеңнен тұрды, әр кезеңнің тапсырмалары қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде  орындалды.

Әділқазылар алқасы құрамына университет оқытушылары және Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық музей-қорығының тіл мамандары кірді: Б. Мұратқызы – төрайым, Г.К. Беспаева, Б.Т.Шакирова (онлайн), Б.Р. Тубекбаева – төрайым, А.Т. Жакупова, А.Я. Колыхайлова (офлайн).

Олимпиаданың қорытындысы бойынша келесі студенттер жүлделі орындарға ие болды.

Онлайн:

Бас жүлде: Сапарбаева Арайлым (М. Оспанов атындағы БҚММУ)

1 орын: Абдигалиева Аякоз (М. Оспанов атындағы БҚММУ)

2 орын: Бақсиық Аяулым (М. Оспанов атындағы БҚММУ),

Розбаева Диера (С.Д. Асфендияров атындағы қазақ ұлттық медицина университеті)

3 орын: Махан Нурсултан (Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті),

Зейнелова Сабина (М. Оспанов атындағы БҚММУ),

Мусахан Мадина  (С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті).

Офлайн:

Бас жүлде: Нехорошева Алина (Семей медицина университеті)

1 орын: Османов Омар (Семей медицина университеті)

2 орын: Жуманова Молдир (Семей медицина университеті),

Касымов Сырым (Семей медицина университеті)

3 орын: Даулетхан Алуа (Семей медицина университеті),

Айнабеков Темирлан (Семей медицина университеті),

Байканакова Алтынай (Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті).

Олимпиаданың барлық жеңімпаздары мен қатысушылары мақтау қағаздарымен және сертификаттармен марапатталды.

 

ЖББП кафедрасы

Жарияланды: