Резидентурадағы шығыс академиялық мобильділік

Резидентурадағы шығыс академиялық мобильділік

“Ересектер, балалар ревматологиясы” мамандығының 1 жыл резиденті Серикова Талшын академиялық мобильділік бағдарламасы аясында Нижний Новгородта, Приволжск медициналық университетінде стажировкадан өтті.

Приволжск зерттеу медициналық  университеті (ПЗМУ)— бұл өзінің университеттік клиникасы бар және әлемдік рейтингтерде жоғары орынға ие медициналық білім мен ғылымның ірі орталығы. Мұнда әртүрлі мамандықтар бойынша дәрігерлер дайындалады.

     Екі апта бойы Серікова Талшын №5 қалалық аурухананың ревматология бөлімінде оқыды.Күн сайын ішкі аурулар кафедрасының тәлімгері – доцент Грунина Елена Андреевнаменбірге науқастарды аралап, қарау болды. Науқастарды аралау кезінде оларды тексеруге, пациенттердің деректері бойынша нозологияларды клиникалық талдауға қатысып, буынішілікинъекцияларға қатысты.Стажировканың барлық кезеңінде кафедрадағы атмосфера жағымды болды және барлығы әрқашан қолдауға дайын болды.

    ПЗМУ клиникасында апта сайын аурухананың барлық ұжымының таңертеңгі жиналыстары өтті, оның барысында тақырыптық дәрістер оқылды. Сондай-ақ, біздің резидент-ревматолог аутоиммунды аурулары бар науқастардың амбулаториялық қабылдауларына қатысып, қызықты клиникалық жағдайлармен кездесіп, өзі үшін көптеген жаңа ақпарат алды.

Физиотерапия кабинетінде электрофорезді күміс иондарымен қолданудың оң клиникалық тәжірибесімен танысты.

    Жалпы, ол өзі үшін жақсы клиникалық тәжірибе жинадым деп санайды және теориялық, сонымен қатар, практикалық білім базасын толықтыруға мүмкіндік бергені үшін университетіне алғыс білдіреді.

https://smu.edu.kz/index.php?gf-download=2024%2F06%2Fishodyashchaya-akademicheskaya-mobilnost-v-rezidenture.file_1.pdf&form-id=63&field-id=40&hash=6c93ba563fab6e474c601965ec77825d9b27497a88dcb70f59120c8d95c44b32