«Әлеуметтік желілерде өзіңді жоғалтып алмау» тақырыбындағы кураторлық сағат

2025 жылдың 11 ақпанында эпидемиология және биостатистика кафедрасының аға оқытушысы Тукинова Асель Ришатовна «Әлеуметтік желілерде өзіңді жоғалтып алмау» тақырыбында 431 топ студенттерімен кураторлық сағат өткізді. Студенттер әлеуметтік желілердің өзін-өзі бағалауға және эмоцияларға әсерін, сондай-ақ оларға тәуелділік мәселесін талқылады. Онымен күресудің тәсілдері, мысалы, уақыт шектеулерін орнату, өз сезімдеріне назар аудару және цифрлық детокс туралы айтылды. Кураторлық…

Әскери кафедра студенттерінің қоғамдық өмірі

07 ақпан 2025 жылы «Семей медицина университеті» КеАҚ «Стоматология» мамандығының 309 топ әскери кафедра  студенттері цикл бастығы-аға оқытушы запастағы медицина қызметінің подполковнигі Нұрбек Саденұлы Смаиловтың ұйымдастыруымен «Алаш арыстары-М.Ауэзов» мұражайына саяхат жасады. 1944 жылы бұл ғимаратта Абай мұражайы орналасқан болатын, ал 1977 жылдың қыркүйек айында Тәуелсіз Қазақстанның тарихында Алаш тарихына арналған алғашқы мұражай ашылды. Бұл мұражайда…

Рымбаева Т.Х. ғылыми атақ беру үшін құжаттарды тапсыру туралы хабарландыру

«Ғылыми атақтарды (қауымдастырылған профессор (доцент), профессор) беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 31 наурыздағы №128 бұйрығына сәйкес толықтырулар мен өзгертулермен Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім Министрінің 05.09.2024 жылғы №435 бұйрығына сай «Семей медицина университеті» КеАҚ өтініш беруші туралы ақпаратты жариялайды: «Семей медицина университеті» КеАҚ ішкі аурулар және ревматология…

Топ кураторы қаламыздың тарихи-өлкетану мұражайына бару

11.02.2025 ж.  1113 топ студенттері  БББ «Медицина», кураторлары Орынбасарова Б.А. жетекшілігімен Семей қаласының тарихи-өлкетану мұражайына барды. Бұл музей Қазақстанның ең көне музейлерінің бірі болып табылады. Экскурсия барысында студенттер өңір тарихымен байланысты көне артефакттермен, көрмелермен танысып, өлкеге үлес қосқан танымал тұлғалар туралы ақпарат алды. Археологиялық олжалар ерекше назар аударды. Музейге бару студенттер үшін тек қызықты, сонымен…

«Neurology club» СҒҮнің кезекті отырысы. Нейростимуляторлар және нейропротездер

11.02.2025 ж Университеттік ауруханада “Neurology club”  студенттік ғылыми үйірмесін «Денді» нейрохирургтер клубының қатысушыларымен бірге кезекті кездесуі өтті. Кездесуге барлық деңгейдегі студенттер қатысты. Бірінші болып 3 курс студенті Кеулімжаев Рамазан «Нейропротездеу және ми-компьютер интерфейсі» тақырыбында баяндама жасады. Оларды нейрореабилитацияда қолдану мүмкіндіктері». Нейропротездерді инсульттан кейінгі және жарақаттан кейінгі оңалтуда қолдану мүмкіндіктері атап өтілді. Студенттер орталық парездің, атаксияның…