Портфолио – резиденттің жетістіктерін бағалау құралы

Портфолио – резиденттің жетістіктерін бағалау құралы

Заманауи медициналық білім беру оқу бағдарламалары шеңберінде сапаны қамтамасыз ету құралы, студенттерді ынталандыру және оқу процесін бақылау құралы ретінде бағалауды атап көрсетеді. Резидент-дәрігерлердің портфолиолық бағасы талап етілетін стандарттарға сәйкес оның қол жеткізе алған белгілі бір көрсеткіштері бойынша жетістіктерін көрсетеді.Ішкі аурулар және ревматология кафедрасы «Ересектер және балалар гастроэнтерологиясы», «Ересектер және балалар ревматологиясы», «Ересектер және балалар нефрологиясы» мамандықтары бойынша резидент-дәрігерлер портфолиосын бағалайды. Портфолионы  бағалау студенттің портфолиодағы оқу нәтижелерін көрсеткен- көрсетпегеніне назар аударады. Резиденттердің өз бетінше жұмыс істеуі, атап айтқанда емханадағы науқастарды курациялау таңдаған мамандық бойынша білім мен дағды деңгейін бағалауға мүмкіндік береді.Электрондық портфолио өкілі ретінде резиденттердің клиникалық жұмысын бақылау мен бағалаудың ыңғайлы нұсқаларының бірі резидентке өзі тікелей белсенді қатысқан клиникалық жағдайларды ыңғайлы түрде есепке алуға мүмкіндік беретін MedLog бағдарламасы болып табылады: яғни студенттер консервативті немесе хирургиялық жүргізген емдері, диагностикалық манипуляциялар жасаған шаралары тіркелініп жазылынады. Бағдарлама сондай-ақ резиденттің академиялық тәлімгеріне кез келген уақытта өз қамқорлығындағының жұмысын бағалауға және «СМУ» КеАҚ резидентінің клиникалық жүктемесінің орындалуын есепке алуға, талдауға, бақылауға және практикалық дағдыларды меңгеруге көмектеседі. Портфолионы пайдалану сенімділігі сонымен қатар кері байланыс жүргізу, резиденттің құзыреттілігін бағалауға мүмкіндік беретін 360 градус сауалнамасын қолдану мүмкіндігіне байланысты. Портфолиода студент өзінің жетістіктерінің динамикасын бейнелеу үшін және тұлғалық даму мен білім берудің өзін-өзі бағалауын жүргізу үшін әртүрлі ақпаратты жинауы керек. Резидент-түлектердің портфолиосын бағалау мониторингі материалдарды жариялау, әдебиеттерді сыни талдау дағдылары, қосымша білім беру бағдарламаларын әзірлеу, оқу-әдістемелік жұмысына қатысу арқылы кәсіби, ғылыми жетістіктер құзыреттіліктерінің серпінді өсуін сонымен қатар  кафедра «резиденттен студентке» оқу жобасында және әлеуметтік-волонтерлік қызметтердегі едәуір өскендігін көрсетеді.

 

Ішкі аурулар және ревматология кафедрасы.[/vc_column_text]

[/vc_column][/vc_row]

Жарияланды:
Рубрикалар: Оқу процесі