«Ойынға тәуелділік. Шағын несиелердің қауіптілігі және салдары»
Эпидемиология және биостатистика кафедрасының оқытушысы Жапарова Жамал Дүйсенқызы 2429 топпен «Ойынға тәуелділік. Шағын несиелердің қауіптілігі және салдары» тақырыбында кураторлық сағат өткізді. Оның барысында куратор тақырып бойынша баяндама жасады. Одан кейін пікірталас форматында студенттер ойынға тәуелділіктің этиологиясы, алғышарттары, алдын алу шаралары мен зардаптары туралы өз пікірлерін білдірді. Кураторлық сағат соңында топ пен оқытушы естелікке суретке түсті.