8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне арналған жиын
2020 жылдың 4 наурызында отбасылық медицина кафедрасында Жалпы Медицина мамандығының 536-топ студенттері мен кураторы м.ғ.д. РЖА профессоры Әділғожина С.М. ұйымдастыруымен көктемнің тұңғыш мерекесі 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне арналған жиын өтті. Көктемнің алғашқы мерекесі ананың аялы алақанындай жүректерге жылулық ұялатады. Адамзаттың нәзік жандарына арналған мереке табиғаттың оянуымен бірге келіп отыр. Тәрбие сағаты Салтанат Муратбековнаның…