Futsal Championship for Medical Workers

15-17 қараша Астана қаласында ҚР Тәуелсіздік күніне орай Медицина қызметкерлері арасындағы футзалдан Қазақстан Чемпионаты өтті! Тартысты додада Абай облысының намысын қорғап барған “SemeyMed” командасы Суперкубок иегері атанды! Команда құрамында КеАҚ “Семей медицина университетінің” бірқатар оқытушылары және студенттері өнер көрсетті. Атап айтсақ, М.ғ.д., профессор Ю. В. Пругло атындағы патологиялық анатомия және сот медицинасы кафедрасының ассистенті- Төлегенов…

Стоматология факультетінің студенттеріне ЖООК тренинг өткізу

Стоматологиялық пәндер және жақ-бет хирургиясы кафедрасында  «Терапевтік стоматология» пәні бойынша доцент Н.Б.Хайдарова  стоматология  факультетінің 4 курс студенттеріне  «Клиникалық эндодонтия»  және «Пародонтология» пәндерін  оқытуда «Сanvas» платформасында  ЖООК  дайындап , қолданады. Canvas платформасында ПОҚ студенттер топтары құрылды, атап айтқанда стоматология факультетінің 4 курс студенттерінен тұратын топтардағы әрбір қатысушы курс тақырыбына сәйкес дайындықтан өтіп, таңдаған пән бойынша түсінігін…

Ішкі аурулар және ревматология кафедрасында бакалавриат бағдарламасында SP технологиясын қолдану

Ішкі аурулар және ревматология кафедрасында 2023 жылдың 21 қарашасында «Нефрология» модулі бойынша («Клиникадағы несеп-жыныс жүйесі» комитти, 4 курс) ашық сабақ өтті. Кафедра ассистенті, PhD Кожахметова Д.К. SP технологиясымен сабақты жүргізді (стандартталған науқасты тексеру). Технология кафедрада бұрыннан қолданылып келеді, барлық оқытушылар SP қолдану кезінде оқу процесін жеңілдету дағдыларына ие. Сабақ барысында созылмалы бүйрек ауруы диагнозы қойылған…

7RO1155 «Балалар стоматологиясы» резидентурасы бойынша тәлімгерлік

Медициналық білім беруді дамытудың қазіргі тенденцияларына сай кәсіби маманның клиникалық дайындығына қойылатын талаптар жоғары. Қазіргі білім берудегі инновациялар ғасырында тәлімгерлік зор сұранысқа ие. Кәсіби құзыреттерге қол жеткізу клиникалық тәлімгердің басшылығымен клиникалық, стоматологиялық базада – практикалық жағдайларда резиденттердің практикалық дағдыларын пысықтау арқылы қамтамасыз етіледі. Стоматологиялық пәндер және ТЖК кафедрасында 2023 жылдың қыркүйегінен бастап 7RO1155 «Балалар стоматологиясы»…

ПСИХОАКТИВТІ ЗАТТАРДЫ ҚОЛДАНУДЫҢ АЛДЫН АЛУ. ПСИХОТЕРАПИЯЛЫҚ ТРЕНИНГТЕР

22.11. 2023 жылы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің жоспары бойынша психиатрия және наркология кафедрасы алкогольге, есірткіге тәуелділіктің алдын алуға, людоманияның алдын алуға, салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған профилактикалық онкүндік аясында ЖМ, стоматология, фармация, мейірбике ісі, ҚС 2 курс студенттері үшін “психоактивті заттарды қолданудың алдын алу. Психотерапиялық тренингтер” өткізді. Ұйымдастырушылар: кафедра меңгерушісі Phd докторы Молдағалиев Т.М., м.ғ.к.…