Халықаралық әйелдер күнімен

Құрметті әріптестер! Сіздерді 8 наурыз Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын! Әрқайсыңыз әлемге мейірім шуағын шашып, жылу сыйлайсыздар! Университеттегі жауапты қызметтеріңізді, отбасылық өмірмен, ұрпақ тәрбиесімен үйлестіріп келе жатырсыздар! Наурыз айының алғашқы лебімен бірге келетін тамаша мереке құтты болсын, қадірлі әріптестер! Ізгілік тұнған жүректеріңіздегі ақ армандарыңыз орындалып, шаттыққа бөлене беріңіздер! Ізгі ниетпен, Басқарма Төрағасы – Ректор…

«Аналитикалық химия» пәнінен ашық зертханалық-практикалық сабақ

2024 жылдың 6 наурызында «Семей қаласының медициналық университеті» КЕАҚ «Оқу сапасы жөніндегі кеңесімен» бекітілген 2023-2024 оқу жылына арналған ашық сабақтар өткізу жоспарына сәйкес «Аналитикалық химия» пәнінен зертханалық-практикалық сабақ өткізілді. Ашық сабақты кафедра оқытушысы, жаратылыстану ғылымдарының «Химия» мамандығы бойынша магистрі С.А. Лауенова «Комплексонометриялық титрлеу. Судың жалпы кермектігін анықтау» тақырыбына өткізді. Сабақ «Фармация» мамандығының 201 (көп тілді)…

Ардагер дәрігерлерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады

«Күміс университеті» жобасының жұмысына белсене атсалысып, 2024 жылдың 7 наурыз күні әйелдер мерекесін жұқпалы аурулар, дерматовенерология және иммунология кафедрасының меңгерушісі Шаймарданов Н.Қ., Смаил Е.М. және 612 топ дәрігер-интерндері медицина ардагерлерін Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады. Семей өңірінің денсаулық сақтау саласының дамуына зор үлес қосып, саналы ғұмырын медицина саласына арнаған дәрігерлерді көктемнің осынау мерекелік күнімен құттықтады.Қазір лайықты…

8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне арналған кураторлық сағат

2024 жылдың 6 наурызында «СМУ» КЕАҚ консультативтік емханасында 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне арналған кураторлық сағат өтті. Кураторлық сағатты ұйымдастырушылар жұқпалы аурулар, дерматовенерология және иммунология кафедрасының меңгерушісі Шаймарданов Н.К. және ассистент Смаил Е.М., ЖТД 612 тобының интерндері және “Жалпы медицина” факультетінің 5207 кураторлық тобының студенттері. Кураторлық сағатқа «СМУ» КЕАҚ консультативтік емханасының дәрігерлері, медбикелері және…

«Күміс университет» жобасы аясындағы мерекелік құттықтау

М.ғ.д., профессор Тапбергенов С.О. атындағы биохимия және химиялық пәндер кафедрасы «Күміс университеті» жобасының жұмысына белсенді қатысады. 2024 жылдың 5 наурызында халықаралық 8 наурыз мерекесі қарсаңында «Фармация» мамандығының 402 тобының студенттері куратор С.А.Лауенова жетекшілігімен  «Биохимия және химиялық пәндер» кафедрасының еңбек ардагері, кафедрада 30 жылдан астам қызмет еткен Н.Ж.Кусебгалиеваны құттықтады. «Күміс университет» жобасының негізгі мақсаты – егде…