“Медициналық реабилитация негіздері” пәнінен олимпиада

2023-жылдың 20-қарашасында Тусупова Д.М. атындағы педиатрия және медициналық реабилитология кафедрасының меңгерушісі м.ғ.к. Алимбаева А.Р және кафедра оқытушысы Дәулетжарова Ж.Қ бастауымен Абай облысының мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған абилитация және реабилитация орталығында 1-жыл резидент-реабилитологтары Саниязова А.С және Нургазина А.А реабилитация пәнін өтіп жүрген 715 және 716-топ жалпы тәжірибелік дәрігер-интерндеріне пәндік олимпиада ұйымдастырды. Олимпиаданың ұйымдастырылу мақсаты интерндердің алған…

Рухани-адамгершілік тәрбие

Тәрбие жұмысын жүргізу мақсатында, әскери кафедрада білім алушы «Жалпы медицина» мамандығының 4421 топ студенттері, 2023 жылғы 2 желтоқсанда «Невзоровтар отбасы атындағы бейнелеу өнері мұражайына» барды. Невзоровтар отбасының коллекциясы бұрыннан келе жатқан қызықты тарихқа ие және XIX ғасырдың ортасынан басталады, ол туралы экскурсовод қысқаша айтып берді, сонымен қатар XVIII ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басындағы орыс…

Біз салауатты өмір салтын қолдаймыз!

2023 жылғы 11 желтоқсанда «Семей медицина университеті» КеАҚ әскери кафедрасында аға оқытушы запастағы медицина қызметінің подполковнигі А.В.Матыциннің басшылығымен,  «Жалпы медицина» мамандығының 4421 кураторлық тобында «Нашақорлық» тақырыбында әңгіме сағаты өткізілді. Іс-шараның мақсаты – қазіргі кездің заманауи мәселесін қарастыру, улы заттардың ағзаға тигізетін әсері мен зардаптары, алдын – алу жолдары туралы ақпарат беру. Нашақорлық – улы заттарды…

Бөлім ардагерлерімен кездесу

Кафедраның кейбір қызметкерлерінің бастамасымен 2024 жылдың 13 маусымында медицина қызметкері күні қарсаңында акушерлік және гинекология кафедрасында 2024 ж. А.А. Қозбағарова бөлім ардагерлерімен кездесу өткізді.  Шақырылған бөлім ардагерлерінің қатарында Хабижанова Асылжан Әнуарқызы, Құрманғалиева Долорес Асаевна, Нұрғалиева Раиса Құсайынқызы, Жұмагелдина Нұриля Әлімжанқызы болды. Олардың әрқайсысы медицина саласында ондаған жылдар бойы еңбек етті. Қатысушы ардагерлердің біразы белгілі бір…

Алаш арыстары – Мұхтар Әуезов мұражайы

06 маусым 2024 жылы  «Семей медицина университеті» КеАҚ әскери кафедрасының 4 взвод курсанттары  медицина қызметінің полковнигі  Ш.О.Орынбасаровтың басшылығымен  Семей қаласындағы  «Алаш арыстары – Мұхтар Әуезов» мұражайына саяхат жасады. Бұл мұражай  Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық мұражайының бір бөлімі болып саналады. Бұл Алашқа арналған тұңғыш музей. Мұражай орналасқан екіқабатты үй ХІХ  ғасырдың  ІІ жартысында…