19 қазан 2023 жылы «Семей медицина университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының әскери кафедрасымен, әскери кафедра түлектері, бітіруші резидент және интерн студенттерінің арасында, келісімшарт бойынша Қазақстан Республикасы Қарулы Күштеріне әскери қызметке қабылдау мәселесі бойынша үгіт-насихат жұмысы өткізілді. Қатысқаны – 140 студент, сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының уәкілдері үгіт-насихат жүргізді, атап айтқанда, майор Нурпеисов Б.М. – «Шығыс» ӨҚ Кадрлық жұмыс басқармасының офицері, майор Абдураимов А.А. – «Шығыс» ӨҚ Қаржы басқармасының аға офицері, медицина қызметінің подполковнигі Мурзаканов Р.Т. – Абай облысының Шекаралық қызмет департаментінің әскери-медициналық бастығы, медицина қызметінің майоры Ануарбекова А.А. – Семей қаласы Әскери госпиталінің Анестезиология және реанимация бөлімінің бастығы. Студенттердің қаржылай қамтамасыздандыру, ваканттық лауазымдар, тұрғын үймен қамтамасыз ету, зейнеткерлікке шығу және әскери қызметшілерге берілетін жеңілдіктер, т.б. мәселелері бойынша қойылған сұрақтарына жауаптар берілді. Әскери кафедра бастығы медицина қызметінің полковнигі Ш.Орынбасаров

On October 19, 2023, the military department of the non-commercial joint-stock company “Semey Medical University” conducted propaganda work among graduates of the military department, as well as interns and residents of the final year, on the issue of admission to military service in the ranks of the Armed Forces of the Republic of Kazakhstan under…

Curator hour dedicated to the activities of the Assembly of Peoples of Kazakhstan

On October 19, 2023, a teacher at the Department of Biochemistry and Chemical Disciplines named after Doctor of Medical Sciences, Professor Tapbergenov S.O. Lauenova S.A. A supervisory hour was held for 4th year students of the Pharmacy 402 group. The Assembly of the People of Kazakhstan is an institution without the formation of a legal…