Istinye university-де академиялық ұтқырлық

Құрметті студенттер, сіздерге 2024 жылдың 17 қыркүйегінде сағат 15:00-де үлкен конференц-залда (132 кабинет) академиялық ұтқырлық бағдарламасы шеңберінде республикалық бюджет қаражаты есебінен Istinye University-де (Стамбул, Түркия) оқу үшін «Жалпы медицина» мамандығының 3 курс студенттері арасынан үміткерлерді іріктеу бойынша конкурстық комиссияның отырысы өтетіні туралы хабарлаймыз. Ағылшын тілін білу деңгейін анықтауға арналған байқаудың бірінші кезеңі 2024 жылдың 6…

Жол картасына қол қойылды

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Алқасының шешіміне сәйкес «Семей медицина университеті» КеАҚ және «Астана медицина университеті» КеАҚ жаңа формациядағы дәрігерлерді даярлау жөніндегі білім беру бағдарламасын іске асыру үшін пилоттық жоғары оқу орындары болып белгіленген. Бүгін Назарбаев Университетінің Медицина мектебінің деканы М.Пиньателли, «СМУ» КеАҚ Басқарма Төрағасы-Ректоры Алтай Дюсупов және «МУА» КеАҚ Басқарма Төрағасы-Ректоры Камалжан Надыров Назарбаев…

«Жоғары білім берудегі Менеджмент: сапаны Ішкі қамтамасыз ету жүйесін баптау» қарқынды практикумына қатысу

2024 жылғы 26-28 тамыз аралығында ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті Жоғары білім беруді дамытудың ұлттық орталығы мен Astana it University қатысуымен Astana IT University базасында «Жоғары білім берудегі Менеджмент: сапаны Ішкі қамтамасыз ету жүйесін баптау» қарқынды практикумын өткізді. Оған академиялық және тәрбие жұмысы жөніндегі проректор…

“СМУ” КеАҚ “Мектепке жол” акциясына қатысты

Университетте «Мектепке жол» республикалық акциясы аясында бірінші сыныпқа баратын балаларға Басқарма Төрағасы-Ректор, Абай облыстық мәслихатының депутаты Алтай Дюсуповтың ұйымдастыруымен, кәсіподақ ұйымымен бірлесе оқу жабдықтары табысталды. Олардың арасында қызметкерлердің балалары, көпбалалы отбасылардан шыққан бөбектер бар. Жас ұрпақ – ел болашағы дегендей балаларға қамқорлық танытып көңіл бөлу әрқайсымыздың парызымыз. Аға буыннан осындай игі өнеге көрген бөбектер білімді…

Салалық магистратураға түсуге үміткерлермен сұхбаттасу

21 тамыз күні «СМУ» КеАҚ-да 7М10106 «Медицина», 7М10108 «Қоғамдық денсаулық сақтау», 7М10112 «Денсаулық сақтаудағы Менеджмент» мамандықтары бойынша 2024-2025 оқу жылының салалық магистратурасына сұхбаттасу ұйымдастырылды. Сұхбаттасуға Астана, Алматы, Семей, Өскемен қалаларынан, сондай-ақ Оңтүстік Қазақстан және Маңғыстау облыстарынан үміткерлер қатысты. Университет оқытушылары арасынан сұхбаттасуды ұйымдастыру жөніндегі комиссияны төраға, клиника жөніндегі проректор Н. Б. Омаров басқарды. Оқуға түсушілерге…