«Клиникалық эпидемиология және биостатистика негіздері» пәні бойынша ашық сабақ

2024 жылғы 10 желтоқсанда эпидемиология және биостатистика кафедрасының аға оқытушысы Тукинова Асель Ришатовна «Клиникалық эпидемиология және биостатистика негіздері» пәні бойынша «Nonparametric tests for independent samples» тақырыбында 2508 топ студенттеріне ашық сабақ өткізді. Сабақ TBL (командалық оқыту) форматы бойынша ұйымдастырылды. Сабақ барысында студенттер сабақтың мақсаттары мен міндеттерімен танысып, жеке тестілеу, топтық тестілеу, командалармен жұмыс жасау және…

“Жасушалық метаболизм” коммити бойынша қысқы сессиясының емтихандарын өткізу

23 желтоқсан 2024 жылы “Медицина”, “Педиатрия”, “Стоматология”, “Фармация” ББ 1 курс студенттеріне арналған “жасушалық метаболизм”коммитиі бойынша қысқы сессия емтихандары өткізіледі. Оқу жылының басында сараптамадан өткен бірінші курстың барлық білім беру бағдарламалары бойынша Силлабустар бекітілді; емтихан алушылардың тізімі, ОСПЭ және ауызша емтиханға арналған сұрақтар тізбесі бекітілді, қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде билеттер дайындалды, емтихандарға дайындық актілері жасалды.…

Ынтымақтастық туралы меморандум

2024 жылғы 20 желтоқсанда «Семей медицина университеті» КеАҚ және ҚР ДСМ курортология және медициналық оңалту ҒЗИ ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды. Негізгі мақсат жобалар мен іс-шараларды жүзеге асыру құралдары бойынша Тараптардың ынтымақтастығы мен практикалық өзара іс-қимылын жолға қою болып табылады. Ынтымақтастық туралы Меморандум қызметтің мынадай бағыттарын қамтиды: 1. Ғылыми ақпарат, әдебиет және библиографиялық басылымдармен алмасу.…

Венера клиникасында балаларға арналған қайырымдылық акциясы

Жылдың ең сиқырлы мерекесі – Жаңа жыл қарсаңында «Венера» клиникасы стационарлық ем қабылдап жатқан балалар үшін әсерлі қайырымдылық акциясын өткізді. Іс-шараны ұйымдастырушы Балалар ауралары пропедевтикасы кафедрасының ассистенті Шакирова Айжан Асқарқызы өзінің 3525 кураторлық тобымен бірге. Бұл іс-шара мейірімділіктің, ерекше жылулық пен қолдауды қажет ететін жандарға ілтипат пен қамқорлықтың нағыз үлгісі болды. Жан мен ынтамен ұйымдастырылған…

Дұрыс тамақтанудың маңызы туралы

Желтоқсан  айының 21  жұлдызында «Семей Медициналық университеті» КеАҚ, ҚР еңбек сіңірген ғылым қайраткері Т.А. Назарова атындағы физиологиялық пәндер кафедрасының меңгерушісі С.О Рахыжанова.; оқытушылары К.Т Кусаинова және А.А. Шакабаева тәрбиелік жоспарға сәйкес №4 студенттер үйінде «Дұрыс тамақтану – денсаулық кепілі» атты тақырыпта дөңгелек үстел өткізді. Дөңгелек үстел барысында дұрыс тамақтанудың денсаулыққа маңыздылығы және студенттерге пайдалы, зиянды…