Назар аударыңыз! Спартакиада!

Құрметті оқытушылар мен қызметкерлер! Сіздерді 2025 жылдың 19 сәуір 03 мамыр аралығында “СМУ” КеАҚ профессорлық – оқытушы құрам мен қызметкерлер арасында өтетін Спартакиадаға қатысуға шақырамыз. Спартакиаданың ашылу салтанаты 19.04.2025ж. сағат 10.00 – де. Спартакиада бағдарламасына келесі спорт түрлері енгізіледі: эстафеталық ойындар, волейбол, футбол, үстел теннисі. Жүлде қоры 200 000 тенгені құрайды. Төрешілік 18.04.2025ж. сағат 10.00…

Details

«СМУ» КеАҚ-ның «Bilimdi Keleshek – I» халықаралық білім көрмесіне қатысуы

2025 жылдың 8-10 сәуірінде «Семей медицина университеті» КеАҚ Павлодар және Қарағанды қалаларында өткен «Bilimdi Keleshek – I» халықаралық білім көрмесіне қатысты. Көрме Қазақстанның жетекші жоғары оқу орындарын, мектеп оқушыларын, колледж студенттері мен олардың ата-аналарын біріктірді. Көрмені қаладағы және оған жақын аудандардағы мектептердің 1900-ден астам түлектері тамашалады. Іс-шараның мақсаты – жастарды жоғары білім берудің заманауи мүмкіндіктерімен…

Details

Жұқпалы аурулар бойынша профилактикалық медицина мектебі

Профилактика жұқпалы аурулармен күресуде үлкен рөл атқарады. Профилактикалық медицина мектебінің жұмысы аясында ЖПД 607 тобының интерндері мен оқытушылары М.А.Сальменбаева мен С.Б.Маукаева күндізгі стационардың бруцеллез және сібір жарасының алдын алу бойынша пациенттерімен әңгімелесті. Бұл аурулар ірі қара мен ұсақ малдардан байланыс, алиментарлы және ауа тамшылары арқылы таралады. Аурулардың алдын алу үшін тек қайнатылған сүт, қайнатылған ет…

Details

«Хирургиялық пәндер кафедрасы сенбілікке қатысты»

Семей медицина университеті» КЕАҚ Басқарма Төрағасы – Ректорының тапсырмасына сәйкес, 2025 жылғы 12 сәуірде Хирургиялық пәндер кафедрасының ұжымы сенбілікке қатысты. Іс-шара барысында Студенттер үйі №1 аумағы тазартылды. Сенбілік жоғары көңіл-күйде, ұжымның белсенді қатысуымен өтті.

“Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жөніндегі іс-шара”кураторлық сағаты

14.04.2025 жылы психиатрия және наркология кафедрасында “Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шарасы” тақырыбында кураторлық сағат өткізілді. Кездесудің мақсаты студенттерді құқықтық тәрбиелеуге, Қазақстан Республикасының заңнамасы саласындағы білімді кеңейтуге, сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымды қалыптастыруға, студенттердің сыбайлас жемқорлық туралы түсінігін, құқықтық өзін-өзі тануын қалыптастыруға бағытталған. Семей Медицина Университетінің 3 курс студенттеріне психиатрия және наркология кафедрасының ассистенті, 3513 топтың кураторы…

Details