М. МӘМЕТОВА АТЫНДАҒЫ УНИВЕРСИТЕТ МҰРАЖАЙЫНА САЯХАТ

Осы аптада медицинадағы IT оқытушы куратор А.Б. Букатаеваның ұйымдастыруымен М.Мәметова атындағы университет мұражайына саяхат ұйымдастырылды. Мұражайға келудің мақсаты шетел топтарының студенттерін қазақ қызы Ұлы Отан соғысының батыры Мәншук Мәметовамен таныстыру болды. Саяхат барысында студенттер соғысқа қатысқан батырлармен, олардың жәдігерлерімен және куәліктерімен таныса алды. Сондай-ақ, Жеңіс күніне орай Ұлы Отан соғысының батырлары туралы ағылшын тіліндегі бейне…

Details

Шетел студенттері Абай мұражайына барды

1502 тобының студенттері Абай мұражайына барып, Ұлы ақынның шығармашылығы мен биографиясымен танысты. Білім алушылар мұражайда Абайдың туып-өскен жері жөнінде ақпарат алды. Ақынның шет тілдеріне аударылған еңбектерімен танысты.

Мұражайға саяхат

5 сәуір күні 1501, 1509 топтарының студенттері Семей облыстық тарихи-өлкетану мұражайына барды. Мәдениет ошағына барудағы мақсат – қала тарихымен, мәденетімен етене танысу. Студенттер сапар барысында Семейдің бай тарихына қанық болды, қазақтың материалдық және рухани мәдениетімен сусындады.

Шетелдік студенттер Наурыз мерекесін тойлады

1501, 1502, 1503 топтарының студенттері Наурыз мерекесінің қарсаңында аталған мейрамды атап өтуге арналған іс-шара ұйымдастырылды. Мереке барысында студенттер Наурыз мерекесінің тарихымен танысып, қазақтың салт-дәстүрлері туралы ақпарат алды. Сонымен қатар, шетелдік студенттер қазақтың дәстүрлі тағамдарын татты.

Тәуелсіз еліміздің болашағы – біздің қолымызда

Тәуелсіздік алғаннан бері отыз жыл бойы Қазақстан ең қымбат қазынасы адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары болып табылатын демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет құру жолымен сенімді әрі бұлжытпай жүріп келеді. Іс жүзінде елімізде қазақстандықтарға лайықты және бақытты өмір сүруге – сапалы білім алуға, жоғары білікті медициналық көмек алуға, еңбек етуге, табыс табуға, балаларды…

Details

9 – мамыр Жеңіс күніне арналған тәрбие сағаты өткізілді

Жеңіс күні 9 мамыр – бүкіл дүниежүзі бойынша үлкен мейрам. Әсіресе, бұл мерекені екінші дүниежүзілік соғыстың бар ауыртпалығын өз мойнымен көтеріп, Отан үшін от кешіп, соғыстың қанға бөккен даласында қайсарлықпен шайқасқан, Жеңістің туын желбіреткен, Ұлы Отан соғысының ардагерлері үшін ерекше мейрам. Шет елдік студенттерге патриоттық тәрбие беру, үлкен адамдарды сыйлай білуге, оларды қадірлеуге тәрбиелеу мақсатында…

Details