Курсанттар «Жидебай-Бөрілі» қорық-музейін онлайн тамашалады
Оқу жиындарының курсанттарымен тәрбие және әскери-патриоттық жұмыс жоспарына сәйкес 2021 жылғы тамыздың 7-сі күні 4 взвод курсанттары әскери кафедра оқытушысы м/қ подполковнигі Такежанов А.С. басшылығымен Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-музейіне онлайн барып қайтты. Курсанттар мұражай тарихымен және Абай Құнанбаевтың шығармашылығымен тереңірек танысты. Сапар барысында ақынның өмірбаяны мен шығармалары талқыланды.