10.12.2024 жылы психиатрия және наркология кафедрасының ассистенті А. А. Алмагамбетова студенттер үйінде кафедралардың кезекшілік кестесіне сәйкес №4 студенттер үйінде кезекшілік өткізді. Алмагамбетова А. А. студенттер арасында “студенттердің жүйке–психикалық тұрақтылығын арттыру және оны түзету әдістері“ тақырыбында дәріс және сауалнама жүргізді. Студенттер оқытушымен бірге стресстің психологиялық табиғаты және оны түзету әдістерінің, денсаулықты сақтауға, университетте оқу нәтижелерін жақсартуға қалай ықпал ететінін талқылады. ЖОО-да оқитын студенттер үнемі стресс–факторлардың ықпалында болады. Олар стрессті басқара білуі және оның ағымын оңтайландыруы керек, әсіресе емтиханға дайындық кезінде және оны тапсыру кезінде. Себебі бұл білім алушылардың өміріндегі маңызды аспектілердің бірі. Психиатрия және наркология кафедрасының ассистенті А. А. Алмагамбетова студенттерге стресстік жағдайлармен қалай тиімді күресуге және емтихандарды сәтті тапсыруға болатынын айтып берді. Стрессті болдырмау үшін емтиханға алдын-ала дайындалу керек, оқу жүктемесін жоспарлау керек, күн тәртібін сақтау керек. Студенттер талқылауға белсенді қатысып, қызықтырған сұрақтарын қойды. Бұл кездесу студенттерге емтихан кезінде стресстік шиеленісті жеңуге және өзіне сенімді болуға мүмкіндік берді.