«Ересектердегі, балалардағы офтальмология» резидентура мамандығы бойынша «АШЫҚ ЕСІК КҮНІ»

12 наурызда неврология, офтальмология және оториноларингология кафедрасы офтальмология мамандығы бойынша кәсіби дамуға мүдделі интерн түлектер үшін кәсіптік бағдарлау жұмысын жүргізді. Кездесу ASTANA VISION Семей клиникасының базасында өтті. Дәрігер-интерндерге офтальмолог-дәрігер жұмысының ерекшелігі, мамандықты дамытудың басым бағыттары, жұмысқа орналасу және мансаптық өсу перспективалары туралы айтылды. Семей, Өскемен, Павлодар қалаларындағы 5 клиникалық базада, сондай-ақ академиялық ұтқырлық бағдарламаларында білім…

Details

“Гендерлік теңдік”тақырыбындағы пікірталас

2025 жылғы 12 наурызда “Медицина“ мамандығының 2105 тобының студенттері және аға оқытушы СадықоваДинара Ормбайқызы жетекшілігімен қазіргі қоғамдағы «гендерлік теңдік» тақырыбын талқылауға арналған пікірталас өткізілді. «Гендерлік теңдік» тұрақты дамудың бесінші мақсаты болып табылады. Бұл іс-шараның басты мақсаты студенттердің гендерлік теңдіктің маңыздылығы туралы, өмірдің барлық салаларында: білім беру, мансап, саясат және отбасында өзін-өзі жүзеге асыру мүмкіндігі мен шарттары туралы хабардарлығын арттыру болды. Пікірталас кемсітушілікті жоюға және тәуелсіз қоғам құруға бағытталған, тең құқыққа ұмтылу қоғамның неғұрлым әділ және үйлесімді дамуына ықпал етеді.

Үлпілдек бақыт және студенттік қолдау: еріктілер панажайда

13 наурызда 429-топ студенттері еріктілік акциясы аясында жануарлар панажайына барды. Студенттер үй жануарларына арналған азық пен сусабындарды тапсырып, жануарлармен уақыт өткізіп, оларға қамқорлық пен мейірім сыйлады. Студенттер жылы қабылдауға және үлпілдек достарымен қарым-қатынасқа дән риза! Жануарларға қамқорлық көрсетуге мүмкіндік бергені үшін «4 Табандар» Қоғамдық қорына шынайы алғысымызды білдіреміз және игі істе табыс пен өркендеу тілейміз!…

Details

Наурыз – жаңару мен жаңғыру мерекесі!

18 наурыз ұлттық киім күні, НАУРЫЗ мейрамы қарсаңында м.ғ.д., профессор Тапбергенов С.О атындағы «Биохимия және химиялық пәндер» кафедрасында Наурыз мерекесін тойлау туралы 2511, 1506 топтарымен кураторлық сағаттары өтті. Қол ұстасайық достар, Біз- бір үлкен жанұя! Жаңа өмірдің бастауы болып табылатын бұл жарқын және көктемгі мереке көп қуаныш пен бақыт әкелсін! Бұл мереке әр шаңырақта келісімнің,…

Details

Жатақханадағы кезекті ауысым

17 наурызда м.ғ.д., профессор Тапбергенов С.О атындағы «Биохимия және химиялық пәндер» кафедрасының ағылшын тілі оқытушылары Олжаева Р.Р., Динжуманова Р.Т. Уранхаев көшесі 6-үйде тұратын жатақханадағы студенттер үйінде кезекшілік кестесіне сәйкес студенттерге барды. Мұғалімдер оқушылардың тұрмыс жағдайын тексеріп, олардың мәселелері мен қиындықтарын сұрады. Олжаева Р.Р.

Details

Терапия кафедрасында пәндік олимпиада

2025 жылдың 13 наурызында ҰАО М.У.С. Терапия кафедрасының ассистенттері Сарсебаева Г.С., Арина Т.Д., Рыскенова А.Е. Эндокринология мамандығының 2 курс ординаторлары Зекенова М.М., Лесбек Т.Л. қатысуымен эндокринология пәнінен пәндік олимпиада өткізілді. Олимпиадаға 5 курстың 5207 және 5206 топ студенттері қатысты. Бұл іс-шара 5 кезеңнен тұрды, оған кіру бақылау сынақтары, «Өз ойының» түріндегі викторина, сөзжұмбақ шешу, клиникалық…

Details