№2 Студенттер үйіндегі сенбілік іс-шара

2025 жылдың 15 наурызында «Семей медицина университеті» КЕАҚ студенттер үйлерінде өткізілетін сенбілік іс-шаралар жоспарына сәйкес Симуляциялық және білім беру технологиялары кафедрасының оқытушылары кураторлық 3619-топпен, Дәулетқызы Амина және 2105-топ студенті Назарбекова Динарамен бірге №2 жатақханада (Сеченов көшесі, 5а) «Коммуникативтік дағдылар: олар неге маңызды және оларды қалай дамытуға болады?» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Бұл іс-шараға осы жатақханада…

Details

Қоғамдық денсаулық сақтау кафедрасында ашық есік күні

2025 жылғы 17 Наурызда КЕАҚ “СМУ” Қоғамдық денсаулық  кафедрасында Қоғамдық денсаулық сақтау мамандығының студенттеріне ашық есік жұмысы жүргізілді. Тыңдаушылар Қоғамдық денсаулық сақтау  факультетінің 401 топ студенттері болды.   Бұл іс-шара студенттерді бітіргеннен кейін магистратураға түсуге бағытталған. Іс-шараға кафедра оқытушылары қатысты. Оқытушылар студенттерді кафедра тарихымен, “Қоғамдық денсаулық сақтау” мамандығы бойынша магистратураның білім беру бағдарламасының миссиясы мен мақсатымен,…

Details

Наурыз Мерекесі!

Наурыз-көктемгі жаңару мерекесі, көктемгі күн мен түннің теңелу күнімен тұспа-тұс келетін жаңа жылдың басы. КЕАҚ “Семей медицина университетінде” 2025 жылғы 17 наурызда «Мәдениет және ұлттық дәстүрлер күні» өткізілді. Мерекеге анатомия, гистология және профессор Н. А. Хлопов атындағы топографиялық анатомия кафедрасының оқытушылары кураторлық топтармен бірге қатысты. Мереке сценарийі бойынша оқытушылар мен студенттер қазақ халқының “Қырқынан шығару”, “Тұсау кесу” және “Тілашар” халықтық әдет-ғұрыптарын ұсынды. Студенттер мен оқытушылар музыкалық және би таланттарын көрсетті. Наурызға бүкіл отбасымен жиналып, ата-бабаларын еске алып, балаларға дәстүрлер мен отбасылық құндылықтар туралы айту әдетке айналған. Наурыз өзінің тамырын, дәстүрін қорғаудың, үлкендерді құрметтеудің және бай мұраны болашақ ұрпаққа берудің маңыздылығын еске салады.

Кураторлық сағат:”Академиялық адалдық принципі”

11.03.2025 жылы 101 «Мейіргер ісі», 201 «Мейіргер ісі», 301 «Мейіргер ісі» мамандығының топ кураторлары кафедра меңгерушісі Ж. М. Жуманбаеваның жетекшілігімен «Студенттік ортада құқық бұзушылықтардың, академиялық адалдық қағидаттарының бұзылуының алдын алу» тақырыбында кураторлық сағат өткізді. «Семей медицина университеті»  КеАҚ оқу процесінің негізгі қағидаты академиялық адалдық болып табылады. Білім беру үдерісіндегі студенттердің академиялық құндылығының негізгі қағидаттары: адалдық,…

Details

Мейіргер ісі кафедрасындағы сыбайлас жемқорлықтың профилактикасына әңгіме

12.02.2025 жылы 101 «Мейіргер ісі», 201 «Мейіргер ісі», 301 «Мейіргер ісі» мамандығының топ кураторлары кафедра меңгерушісі Ж. М. Жуманбаеваның жетекшілігімен сыбайлас жемқорлықтың профилактикасына әңгіме өткізді. Мақсаты: «Сыбайлас жемқорлық» ұғымымен, сыбайлас жемқорлықтың формаларымен, оның салдарымен таныстыру; Білім алушылардың ой-өрісін кеңейту, қазіргі қоғамның проблемаларына өзіндік дүниетанымын қалыптастыру, сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу бойынша тұрақты ұстанымның қалыптасуына ықпал…

Details

«Лудоманияның алдын алу» тақырыбында әңгіме

2025 жылғы 14 наурыз Мейіргер ісі  кафедрасында эдвайзерлік топтарда  «Лудоманияның алдын алу»  тақырыбында әңгіме өтті: 101 «Мейіргер ісі», 102 «Мейіргер ісі», 110 «Мейіргер ісі», 111 «Мейіргер ісі», 112 «Мейіргер ісі», 113 «Мейіргер ісі», 114 «Мейіргер ісі». Лудомания-бұл субъектінің өмірінде үстемдік ететін және адамның өмірі мен жеке басының, оның физикалық, психикалық, эмоционалдық және әлеуметтік денсаулығының барлық…

Details