“A.A.Қозбағаров атындағы акушерия және гинекология кафедрасында” ашық есіктер күні
02.04.2025 жылы, Семей қаласының Медицина Университетінің “Қозбағаров атындағы акушерство және гинекология” кафедрасында ашық есік күні өткізілді. Ашық есік күні барысында кафедра завучы Кинаятова Шолпан Кайратовнаның жетекшілігімен университетіміздің 7 курс студенттеріне резидентура бойынша ақпараттар, оқу барысы айтылды. Студенттерді ақпараттандыру және қызығушылықтарын арттыру мақсатымен клиникалық жағдайлар талданып, күнделікті науқастармен жүргізілетін жұмыстармен таныстырылды.