05.12.2024 жылы “Күміс университеті” жобасы аясында психиатрия және наркология кафедрасының меңгерушісі Phd докторы Молдағалиев Т.М., кафедра ассистенті Алмагамбетова А.А. “Семей қаласының № 3 Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету және белсенді ұзақ өмір сүру орталығында” іс-шара өткізді. Жалпы білім беру пәндері кафедрасының оқытушысы, “Күміс университеті” жобасының жетекшісі Ж.К. Жәйрбаеваның белсенді көмегімен 3618,3619,5213 медицина тобының студенттері, 1 жылдық оқудың резиденті Ш. С. Сергазинова кездесуді өткізуге белсенді қатысты. Кафедра резиденті Ш. С. Серғазина “Когнитивтік тапшылықтың алдын алу“ тақырыбында презентация ұсынды. Студенттер егде жастағы адамдарға құрмет, көңіл және жылулық таныта отырып, концерттік бағдарлама ұйымдастырды. Олар жақсы қарым-қатынас көрсетті, бақыт пен қамқорлық сыйлады, шын жүректен ризашылықтарын білдірді.Қарттармен бірге вальс билеп, жүрекке жылы тиетін әндер шырқады. Концерт жанды атмосфераға, жақсы көңіл-күйге және жағымды естеліктерге толы болды. Студенттер үлкендерге құрметпен қараудың өмірлік тәжірибесін және аға буынның шынайы тілектерін алды. « Егде жас-бұл өмір өнері және жас ұрпаққа үлгі». Сондықтан қарт адам–өткеннің тарихы және болашақ үшін білім. Бұл іс-шара волонтёрлер жұмысы аясында өткізілді.
Details