7 курс интерн-дәрігерлеріне арналған ашық есік күні
2025 жылғы 5 наурызда профессор Д.Р. Мусинов атындағы Клиникалық онкология және ядролық медицина кафедрасында 2025 жылғы интерн-түлектеріне резидентураға түсу бойынша кәсіби бағдар беру мақсатында «Ашық есік күні» өтті. Кафедра меңгерушісі, PhD, қауымдастырылған профессор Апсаликов Б.А., кафедраның оқу ісі жөніндегі меңгерушісі Қосымбаева Е.О., ассистенттер Мусульманова М.А., Жумаканова Н.С., Жунисова Д.А. болашақ әріптестерін кафедраның клиникалық базасымен таныстырды.…
Details