«Мейіргер ісі» мамандығы бойынша магистратураны үгіттеу

18.04.2023 жылы «Мейіргер ісі» мамандығы бойынша 2 жыл оқитын магистрант Құдайбергенов Ринат Нұрланұлы “мейірбике ісі” мамандығында оқитын болашақ түлектер арасында магистратураның (бейіндік, ғылыми-педагогикалық бағыттағы) білім беру бағдарламалары бойынша үгіт-насихат жүргізді. Құдайбергенов Ринат Нұрланұлы түлектерді бағдарламаның әрбір бағыты, оқу мерзімі, оқыту тілдері бойынша жеке таныстырды. Үгіт-насихат барысында университеттің “Имидж” бейнебаяны, магистратураның білім беру бағдарламасы бойынша презентация көрсетілді.…

Details

“Molecular Genetics Researchers” ғылыми үйірмесінің жетістіктері

2023 жылғы 12-13 сәуірде медицина ғылымдарының докторы, профессор, ҚР медицина ғылымдары Академиясының корреспондент-мүшесі Людмила Кусаиновна Каражанованың 80 жылдық мерейтойына арналған «Ғылым және Денсаулық» халықаралық қатысуымен ғылыми-практикалық конференциясы өтті. Конференцияда барлығы 9 тақырыптық секция болды. ҚР ҰҒА академигі Т.Қ. Раисов атындағы молекулалық биология және медициналық генетика кафедрасы “Қазіргі медицинадағы іргелі ғылыми зерттеулер” секциясында 4 баяндама ұсынылды:…

Details

Семей қаласының геодезия және картография жоғары колледжінде қызылша профилактикасы туралы семинар

11 сәуір 2023 ж. Семей қаласының геодезия және картография жоғары колледжінде “СМУ”КеАҚ 616 топ интерндерімен қызылша профилактикасы туралы семинар өтті. Спикерлер қызылшаның әлем бойынша эпидемиологиялық жағдайын, ауа-тамшылы жолмен жұғатын жоғары контагиозды ауыр вирусты инфекция екендігін және инфекция контагиоздығы 100% құрайтынын атап өтті. Болашақ дәрігер қызылша ауруы алғашқы белгілері, асқынулары және профилактикасын ерекше түсіндіріп өтті. Шаймарданов…

Details

Студенттік ортада құқық бұзушылықтардың, академиялық адалдық қағидаттарының бұзылуының алдын алу

18.04.2023 жылы мейіргер кафедрасының ассистенті А.Т. Оспанова 1231 «Педиатрия» тобында «Студенттік ортада құқық бұзушылықтардың, академиялық адалдық қағидаттарының бұзылуының алдын алу» тақырыбында кураторлық сағат өткізді. «Семей медицина университеті» КеАҚ оқу процесінің негізгі қағидаты академиялық адалдық болып табылады. Білім беру үдерісіндегі студенттердің академиялық құндылығының негізгі қағидаттары: адалдық, автордың құқықтарын қорғауды жүзеге асыру, ашықтық, ашықтық, өзара сенім, студенттер…

Details

Бауыржан Момышұлы – батыр тұлға (1910-1982)

Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен қазақ батыры Бауыржан Момышұлының өмірі мен ерлігі, өнегелі істерін насихаттау мақсатында 14 сәуір 2023 жылы әскери кафедраның 3214 топ студенттері Ербатыров Қ., Ерсайын Е. «Қазақтың қаһарман батыры – Бауыржан Момышұлы» тақырыбында презентация өткізді. Студенттер шара барысында Бауыржан Момышұлының өмірі мен ерліктері жайлы көп мағлұматтар алды, ол әділ, өткір, шыншыл, қырағы,…

Details

ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚ – ҚОҒАМ ДЕРТІ

Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат Тұжырымдамасын жүзеге асыру аясында ЖОО-ның барлық студенттерін жанұялық құндылықтар, гендерлік әділеттілік және теңдік мәселесі бойынша хабардар ету мақсатында Жалпы білім беру пәндер кафедрасының ұйымдастыруымен «Семей медицина университеті» КеАҚ білім алушыларының барлық мамандықтары бойынша 1 және 2 курс студенттеріне «Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу: қылмыстық-құқықтық және криминологиялық аспектілері»…

Details