Студенттік активпен кездесу

«Семей медицина университеті» КеАҚ Басқарма Төрағасы – Ректоры Жүнісов Ерсін Тұрсынханұлы университеттің студенттік белсенділері мен жастар ұйымдарымен бірқатар онлайн кездесулер өткізді. Мұндай кездесулер бұрын өткізіліп, дәстүрге айналды. Кездесу ZOOM платформасы арқылы әңгіме түрінде өткізілді. Студенттік жастар ұйымдарының басшылары Басқарма Төрағасы – Ректорды өткен жартыжылдықта атқарылған жұмыстармен таныстырып, жаңа оқу жылына арналған болашақ жоспарлар туралы айтып…

Details

«Ұрықтың және нәрестенің құрсақішілік гипоксиясы, жедел асфиксия түсінігі. Реабилитация әдістері. Құрсақішілік асфиксия басынан өткерген нәрестелерді участікте бақылау» тақырыбында горизантальді интегрирленген сабақ өтті

2021 жылдың мамыр айының 6-ы күні 2 курс резидент-неонатологтары мен физикалық медицина және реабилитация 1 курс резиденттерімен бірлесе, тәлімгерлері  Алимбаева А.Р, Аильбаева Н.М. және Тайоразова Г.Б. басшылығымен «Ұрықтың  және нәрестенің құрсақішілік гипоксиясы, жедел асфиксия түсінігі. Реабилитация әдістері. Құрсақішілік асфиксия басынан өткерген нәрестелерді участікте бақылау» тақырыбында  горизантальді интегрирленген сабақ өткізілді. Аталған сабақтың мақсаты жаңа ақпараттармен алмасу …

Details

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл

2423 тобында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Өткізілген шараның мақсаты – білім алушыларға Қазақстанның тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктерін таныстыру. Дөңгелек үстел барысында Қазақстан мемлекеттілігінің тарихы, тәуелсіздік жағдайындағы елдің даму стратегиясы және «Мәңгілік  Ел» идеясының құндылықтары талқыланды. Топ кураторы Р.Ж. Екібаев Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың салиқалы саясатының нәтижесінде тәуелсіздік жылдарында…

Details

Абай мұражайына онлайн экскурсия

«Рухани жағыру» бағдарламасын жүзеге асыру барысында 2021- жылдың 05-ші мамырында Балалар аурулары пропедевтикасы кафедрасының ассистентерінің ұйымдастыруымен онлайн форматта – ZOOM конференциясы арқылы Абайдың «Жидебай -Бөрлі» мемлекеттік қорық мұражайына экскурсия өткізілді. Экскурсияға жалпы медицина мамандығының 4311, 4304, 4305, 4419 топтарының студенттері қатысты. Экскурсияны мұражайдың ғылыми қызметкерлері Бейсенбинова Г.Т. және Байдаулет А. жүргізді. Осы танымдық саяхат барысында…

Details

ҚазМҮББУ-дан Семей медицина университетіне ауысу

Құрметті ҚазМҮББУ білім алушылары! Сіздерге Семей медицина университетіне ауысу туралы онлайн өтініш беру алгоритмін ұсынамыз. Сіз ұсынған құжаттар бойынша мектеп қызметкерлері оқу жоспары пәндерінің айырмашылығына және 2020-2021 оқу жылына арналған СМУ академиялық саясатын ауыстыру және қалпына келтіру ережесінің басқа талаптарына сәйкестігіне алдын ала талдау жүргізеді. Ауысу бірінші академиялық кезең үшін берешек жоқ болған жағдайда мүмкін болады. Өтініш…

Details

Гастроэнтрология бойынша пәндік олимпиадаға қатысуға шақырамыз

Құрметті студенттер, интерндер! Факультеттік терапия кафедрасы студенттерді, интерндерді гастроэнтрология бойынша «Қызықты гастроэнтерология» пәндік олимпиадаға қатысуға шақырады. Біздің олимпиадаға қатысу гастроэнтерология бойынша сіздердің білімдеріңізді, дағдыларыңызды, ептіліктеріңізді бекітуге көмектеседі, Сіздерге клиникалық ойлау дағдыларыңызды, білімге құмарлығыңызды, креативтілігіңізді көрсетуге мүмкіндік береді. «Гастроэнтерология, сонымен қатар балалар» мамандығы бойынша резидентураға түсуді жоспарлап жүрген интерндердің Олимпиадаға қатысуы түсуге жіберілген резюме ретінде қарастырылады.…

Details