«Nur Otan» партиясы жанындағы «Jas Otan» Жастар Қанатының «Семей медицина университеті» КеАҚ бастауыш бөлімі үздік бөлімше атанды

2019 жылдың 13 желтоқсан  күні «Nur Otan» партиясы жанындағы «Jas Otan» Жастар Қанатының Семей қалалық бөлімшесінің ұйымдастыруымен өткен «Jas Otan Fiesta» атты 2019 жылды қорытыңдылау кешінде партия жанындағы «Jas Otan» Жастар Қанатының «Семей медицина университеті» КеАҚ бастауыш бөлімі «Үздік бөлімше» атағына ие болып, «Jas Otan» Жастар Қанатының ШҚО филиалы төрағасы Маржан Қанатқызының қолынан мадақтама алды.…

Details

“Донор – бұл өз қанын бере отырып, өмір сыйлайтын адам….»

Жыл сайын 1 желтоқсанда Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күні атап өтіледі. Бүкіл әлем АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға қолдау көрсету және қайтыс болғандарды еске алу үшін бірігеді. Осы күні ҚМЖО белсенділері АИТВ және ЖИТС қамтитын репродуктивтік, жыныстық денсаулық пен құқықтар жөніндегі SCORA тұрақты комитетінің  басшылығымен қан доноры болды. Біздің мақсатымыз АҚТҚ жұқтырудың және басқа да ЖЖБИ алдын…

Details

“Жалпы медицина” мамандығының 3 курс студенттерімен жиналыс

2019-2020 оқу жылының қысқы емтихандық сессиясының дайындығына байланысты, медицина мектебінің қызметкерлері – декан Л.А. Пак, декан орынбасары А.К. Уристемова және әдіскер В.Д. Исаева “Жалпы медицина” мамандығының 3 курс білім алушыларымен дәстүрлі жиналыс өткізді. Сонымен қатар, іс-шараға Ішкі аудит қызметінің басшысы А.Г. Ахметова, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комитеттің төрағасы О.А. Усенова және академиялық жұмыс Департаментінің директоры А.Б.…

Details

ҚР Тәуелсіздік күніне орай балалар жұқпалы аурулары кафедрасында «Тәуелсіздік – тұғырым» атты мерекелік іс-шара өтті

Семей медицина университетінің балалар жұқпалы аурулары кафедрасында кафедра меңгерушісі Эфендиев И.М. басшылығымен «Тәуелсіздік – тұғырым» атты мереке аталып өтті. Кафедра меңгерушісі И.М. Эфендиев, профессорлық-оқытушылық құрам, қалалық жұқпалы аурулар ауруханасының балалар бөлімінің қызметкерлері, 706-топ интерн-педиатрлар, 412 және 414 ЖМ студенттері қатысты. 1991 жылғы 16-желтоқсанда «ҚР Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заңы қабылданды. Биыл ата-бабамыздың арманы орындалып, жаңа…

Details

“Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік!”

2019 жылдың желтоқсан айының 11-ші жұлдызы күні «Балалар стоматология» кафедрасында 506 стоматология тобы мен топ жетекшісі Абылкаирова Г.С. Тәуелсіздік күніне орай “Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік!” деп аталатын кураторлық сағат өтті. Тәуелсіздік  қазақ халқының ғасырлар бойы көздеген арман-мұраттарының орындалуы, тәуелсіз мемлекетке айналуы бізге үлкен серпіліс, күш берді, қазақ халқының сана-сезімі, намысы оянды. Бізге,  өз еркімізбен алға…

Details

Д.М. Тусупова атындағы педиатрия кафедрасының резиденттері, оқытушылар құрамының кафедра меңгерушісі Алимбаева А. А-мен кездесуі

2019 жылдың 12 желтоқсанында 501,502,503 топ студенттері, «Семей Медицина университеті» ҚеАҚ Д.М. Тусупов атындағы педиатрия кафедрасының резиденттері , оқытушылар құрамының  кафедра  меңгерушісі Алимбаева А. А-мен кездесуі өтті. Кездесуде кафедраның негізгі ережелері ,жұмыс талаптары, науқастармен жұмыс жасау тактикасы талқыланды. Кездесу дискуссия түрінде өтті. Сонымен қатар, студенттермен кері байланыс жүргізілді.5курс студенттеріне кездесу үлкен тәрбиелік әсер қалдырды.