Білім алушыларды оқытушылық қызметке тарту
Корпоративтік индикаторды орындау мақсатында профессор М. М.Уразалин атындағы микробиология кафедрасында білім алушыларды оқытушылық қызметке тарту басталды. 2025 жылғы 27 қаңтарда 713 топтың ЖТД интерн Талғат Рифхатұлы Сапарғалиевпен “Жыныстық жолмен берілетін аурулардың қоздырғыштары. Спирохеттер. Гонококктар. Микоплазмалар. Хламидиоз. Зертханалық диагностикасы” тақырыбында “Медицина” білім беру бағдарламасының 3317 тобының студенттеріне арналған сабақ өткізілді. Сабақ инновациялық TBL–әдісті қолдана отырып өткізілді.