2025 жылдың 6 қаңтарында «Жалпы медицина» факультетінің 3337 тобының студенттері, кураторы– эпидемиология және биостатистика кафедрасының ағаоқытушысы,Мукашева Гүлбаршын Дарынқызыныңжетекшілігімен қызықты жаңа жылдық «Quiz, Please! NewYear» квиз ойынын өткізді. Іс-шара үш тақырыптық раундтан тұрды: 1. «Ми жаттығуы» — қатысушылар Жаңа жылғабайланысты қызықты фактілер мен оқиғаларды ескетүсірді. 2. «Традиция бойынша елді тап» — қатысушылар қайелде ерекше жаңа жылдық дәстүрлер бар екенінанықтауы керек болды. 3. «Мифтер мен фактілер» — қатысушылар ұсынылғанжаңа жылға қатысты мәлімдемелердің қайсысы шын, қайсысы ойдан шығарылғанын талдады. Сұрақтар жаңа жылдық ашық хаттар тарихы, басқа елдердіңдәстүрлері мен белгілі фильмдердің сахналарынанқамтылды. Қатысушылар жауап нұсқаларын белсендіталқылап, квизді тек білімділікпен ғана емес, сонымен қатаркөңілді өткізді. Әсіресе дәстүрлер туралы раунд өте қызықты өтті: студенттер Испанияда сағат соғылғанда 12 жүзім жейтінін, Болгарияда жаңа жылдық сүйіс үшін үш минутқа жарықтысөндіретінін, ал Италияда ескі жиһаздарды лақтыру арқылытеріс энергиядан арылатынын білді. Топ кураторы Гүлбаршын Дарынқызы студенттердіңжоғары деңгейде дайындалғанын және олардың ынтасынатап өтіп, іс-шара соңында барлық қатысушыларды тәттісыйлықтар — кәмпиттермен марапаттап, мерекелік көңілкүй сыйлады. Іс-шара жарқын әсер қалдырып, студенттерді жаңа семестр алдындағы көңіл-күймен біріктірді.
Details