2025 жылы 11 сәуірде С. Д. Асфендияров атында5ы қазақ ұлттық медицина университеті ұйымдастырған

2025 жылы 11 сәуірде С. Д. Асфендияров атында5ы қазақ ұлттық медицина университеті ұйымдастырған “Алға қадам“ кәсіби шеберлік олимпиадасы–байқауы өтті.. Олимпиадаға түрлі жоғары оқу орындарының стоматология факультеттерінің студенттері қатысты. КеАҚ “Семей медицина университеті“ атынан 2 курс студенттерін қатысты: Копейкин Дмитрий, Бекетов Алексей,  және 3 курс студенттері Манаков Мерей және Чернова Карина. Күрделі шығармашылық сайыстан кейін біздің студенттер С.Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-дың атақты профессорлары арасынан берік және байсалды қазылар алқасының жоғары бағасын және таңданысын алып, тамаша теориялық және практикалық дайындықтарын көрсетті. Байқау қорытындысы бойынша: Копейкин Дмитрий–1 орын, Бекетов Алексей–2 орын. Біздің студенттер жоғары кәсіби дағдыларын  және тамаша нәтижелер көрсетті. ҚазҰМУ Стоматология мектебінің деканы. С. Д. Асфендиярова кафедраның профессор–оқытушылар құрамы мен басшылығына алғыс хат жолдады.

Павлодар қаласында өткен үстел теннисінен турнир

Ағымдағы жылдың 10 – 11 сәуір аралығында Павлодар қаласында Ә.Марғұлан атындағы педагогикалық университетінде  ҚР ЖОО арысында үстел теннисінен турнир өтті. Турнирге еліміздің 10 ЖОО командалары қатысты. “СМУ”КеАҚ студенттері Н.Ясінов, Н.Тлекин, Д.Жаркен 3 – орынға ие болып мақтау қағазымен марапатталды. Дене шынықтыру кафедрасының аға оқытушысы, жаттықтырушысы А.М.Кыдырбаевты және студенттерді жеңістерімен құттықтып алдағы жарыстарға жеңіс тілейміз!

«Таза Қазақстан»

2025 жылғы 12 сәуірде «Стоматология» мамандығы бойынша 1306 топтың 1 курс студенттері университет маңындағы аумақта өткен «Таза Қазақстан» жалпықалалық сенбілікке белсене қатысты. Іс-шараны топ кураторы — Букатаева А.Б. ұйымдастырды. Бұл экологиялық акция ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2024 жылғы 2 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында ұсынылған бастамасы аясында өткізіліп отара. Акцияның мақсаты-жастардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру, «Адал адам…

Details

Әділханов Орал Абдулгалимовичті еске алуға орай Халықаралық ағылшын тілі олимпиадасы

Семей медицина университетінің 2025 жылғы 12 сәуірінде Әділханов Орал Абдулгалимовичті еске алуға орай Жалпы білім беру пәндер кафедрасы ұйымдастырған тіл мамандығынан тыс 1–2 курс студенттері арасындағы Халықаралық ағылшын тілі олимпиадасы жоғары деңгейде өтті. Олимпиадаға барлығы 232 студент қатысты: 90 студент офлайн, 152 студент онлайн форматта бақ сынады. Екінші кезеңге 39 үздік қатысушы өтті — олардың…

Details

“Кино күлкімен: Көңілділік пен достыққа уақыт”

2025 жылғы 11 сәуірде 1306 топтың стоматология мамандығының студенттері және кураторлары Букатаева А.Б. «Robbit Cinema» кинотеатрына барып, қазақстандық актерлер қатысқан «Патруль» комедиялық фильмін тамашалады. Студенттер көңілді әрі қызығушылықпен уақыт өткізді, жағымды эмоциялар алды және жақсы көңіл-күйге бөленді. Бұл шара топ ішіндегі достық қарым-қатынастарды нығайтуға және бірлескен демалыс үшін жақсы мүмкіндік болды.

Семей медицина университетінің 1108 топ студенттері сенбілікке шықты

2025 жылдың 12 сәуір күні Семей медицина университетінің 1 курс студенттерінің 1108 тобы қалалық сенбілікке белсене қатысты. Студенттер оқу орны аумағын және жақын маңдағы аумақтарды тазалап, көктемгі тазалық жұмыстарына өз үлестерін қосты. Іс-шара барысында студенттер қоқыс жинап, ағаш түптерін әктеп, университет айналасын ретке келтірді. Бұл шара студенттердің экологиялық сана-сезімін арттырып, табиғатқа деген сүйіспеншілігін қалыптастыруға бағытталды.…

Details