Бірінші курс студенттеріне арналған онлайн бейімделу күндері басталды

Құрметті бірінші курс студенттері! Міне, сіздердің студенттік өмірлеріңіздің алғашқы күні де келіп жетті. «Семей медицина университеті» КеАҚ өз университеттеріңізбен жақынырақ танысу мақсатында 28 тамыз, 1, 2 қыркүйек күндері сіздерге арнайы онлайн бейімделу күндерін ұсынады. Сонымен, назарларыңызға алдағы күндердің кестесін ұсынамыз.   28 тамыз (іс-шара өткізілу форматы: YouTube желісі бойынша Stream) 1) Семей қаласымен қысқаша онлайн-танысу.…

Details

Құрылымдық бөлімшелердің қызметін мониторингілеу және жақсарту мақсатында QR-сауалнама

Құрметті әріптестер, оқытушылар, білім алушылар және сайт қонақтары! Стратегия және СМЖ бөлімі құрылымдық бөлімшелердің қызметін мониторингілеу және жақсарту мақсатында QR-сауалнаманың кері байланысын бағалауды енгізгенін хабарлаймыз. Сіз біздің сайтымыздағы барлық департаменттер мен бөлімдердің қызметін бір шертіп, бағалай аласыз! https://smu.edu.kz/kk/bizdi-bagalanyz/

Details

Менiң болашаққа сенiммен апарар таңдауым – SMU!

Мен, Амантаева Дина Сайлаубекқызы, Семей медицина университетінің Жалпы медицина мектебінің 2 курс студентiмiн және “Jas Otan” ЖҚ студенттер ұйымының белсенді мүшесімiн. Әрбір адамның тұлға ретінде қалыптасуындағы басты әрі маңызды қадамдарының бiрi – мамандық таңдау. Менi де бала күнімнен осы сұрақ мазалайтын, бiрақ та мен өзімнiң ақ халатты абзал жан болғым келетiнiмдi уақыт өте келе түсiндiм.…

Details

«Резиденттер өз істерінің шеберлері, кәсіби білікті мамандар ретінде өздерін көрсетті…»

Өскемен қаласының тұрғыны Абдельданова Раушан Қабденовна Семей медицина университетінің резиденттеріне алғыс білдіреді: Мен 2020 жылғы 25 шілде күні Өскемен қаласындағы Провизорлық орталықтан (Оңалту орталығынан) инфекция бөліміне (U07.1) COVID-19 коронавирустық инфекциясы диагнозымен түстім. ПТР оң. КТ белгілері: өкпенің екі жақты полисегментарлы пневмониясы,  вирустыгенез теріске шығарылмайды (52% ға дейін зақымдалған). Сол күнгі қорқынышымды сөзбен айтып жеткізе алар…

Details

Менiң таңдауым – SMU!

Мен, Байғазин Нұрхат Рахатұлы, Семей медицина университетінің “Жалпы медицина” мамандығы бойынша 3 курс студентімін. Менiң бала кезімнен медицина саласына деген қызығушылығым болатын. Дәрігерлердің адамның өміріне араша түсiп, қолынан келгенiнше аман өмiр сүруiне барынша көмектесетiнiн көріп, мен де дәрігер болғым келетiндігiн ұғындым. Сол кезден бастап өзімді болашақ дәрігер ретінде дамыта бастадым, сабағыма үлкен мән бердім, түрлі…

Details

Абай облысының жергілікті атқарушы органдарының гранттар конкурсы

Мемлекеттік білім грантына конкурс бойынша өтпеген ҚҰРМЕТТІ ТАЛАПКЕРЛЕР, Сізде Абай облысының жергілікті атқарушы органдарының (ЖАО) гранттар конкурсына қатысуға мүмкіндік туды. 2020-2021 оқу жылына ШҚО талапкерлеріне 48 грант бөлінді, оның ішінде білім беру бағдарламасы бойынша: В085 «Фармация» – 15; В086 «Жалпы медицина» – 28; В087 «Стоматология» – 5. ЖАО гранттарына құжаттарды қабылдауды ағымдағы жылғы 10 тамызынан …

Details