Біз әртүрліміз, бірақ теңдейміз

Қазақстан халқы Ассамблеясы Қазақстанның саяси жүйесінің маңызды бөлшегі болып табылады. Ол барлық этностардың мүдделерін топтастырып, азаматтарды ұлтына бөлмей, құқықтары мен бостандықтарының мінсіз сақталуын қамтамасыз етеді. Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXII сессиясында берілген Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмаларын іске асыру бойынша жоғары білім беру жүйесіндегі оқу-тәрбие процесінде «біз әртүрліміз, бірақ теңдейміз», «бірлігіміз әралуандықта» қағидаттарының іске асыру туралы хат…

Details

Халық қаһарманы

Алғаш Рейхстагқа жеңіс туын тіккен  Қазақстанның Халық Қаһарманы  Рақымжан Қошқарбаевтың туылғанына 100 жыл толуына орай, «Семей медицина университеті» КеАҚ әскери кафедрасында аға оқытушы запастағы медицина қызметінің подполковнигі Смаилов Н.С. ұйымдастыруымен тәрбие сағаты өтті. 4422 тобының студенттері Ринатқызы А., Қалидоллаева Н., Айтқұлов А. батырымыздың өмірбаяны, соғыс кезіндегі ерліктері, жеңіс туын тігудегі ерлігі жайлы және берілген марапаттары…

Details

«Студенттік бастама» «Стоматология»

2023 жылдың 7 қарашасында 1303 Стоматология факультетінің студенттері куратор М.С.Нұрғазинамен бірге университеттің негізгі дәстүрлі, салтанатты шараларының бірі «Студенттік бастама» өткен Абай театрында болды. Бұл күні бірінші курс студенттері жақсы оқуға, университет жарғысын ұстануға, оның дәстүрлерін қастерлеуге және өздерінің Alma Mater даңқын арттыруға салтанатты түрде ант қабылдады. Бірінші курс студенттерінің арнауы мерекелік концерттік бағдарламамен, студенттеріміздің орындауындағы…

Details

Әскери-патриоттық тәрбие

Біздің университеттің әскери кафедрасында әскери-патриоттық тәрбиеге ерекше назар аударылады, оның мақсаты студенттердің әскери ар-намысын, Отанға деген сүйіспеншілігін, патриотизмін және туған жерін қорғауға деген батылдығын ояту болып табылады. Осыған байланысты, 10 қараша 2023 жылы, кафедраның аға оқытушысы  запастағы медицина қызметінің подполковнигі А.В. Матыциннің жетекшілігімен 4319 топтың студенттері 3D онлайн форматта Астана қаласының «Әскери-тарихи мұражайына» саяхат жасады.…

Details

Жанға арналған дәрумендер

«Күміс университет» бағдарламасы аясында Жалпы білім беру кафедрасының оқытушысы Жакупбекова Э.А. егде жастағы адамдарға арналған  «Жанға арналған дәрумендер» атты психологиялық тренинг өткізуде. Әр апта сайын өтетін психологиялық тренингтің мақсаты: эмоционалды интеллекті дамытуға, егде адамдарды танымдық іс-әрекетке, логикалық ойлауға, топта бірігуге, форс-мажорлық күтпеген өмірлік жағдайларды еңсеруге үйретуге белсенді ынталандыру.[/vc_column_text][/vc_column][/vc_row]

Өрт қауіпсіздігі

Тәрбие жұмысы аясында, күнделікті тұрмыста қауіпсіздік дағдыларын, өрт қауіпсіздігі ережелері және өрт кезіндегі әрекеттері туралы білімдерін жетілдіру мақсатында, 01 қараша 2023 жылы, әскери кафедраның аға оқытушысы запастағы медицина қызметінің подполковнигі Н.С.Смаиловтың жетекшілігімен, кафедрада білім алушылар, Семей қаласының «Өрт қауіпсіздігінің техникалық орталығы» мұражайына саяхат жасады. Біз Қазақстанның алғашқы өрт сөндірушілер тобының тарихымен, өрт сөндірудің алғашқы құралдарымен,…

Details